Архивы Қасым-Жомарт Тоқаев - Tizgin kz

Алпыстан аса тіл маманы қазақ тілі нормаларын жетілдіруге кірісіп кетті
Қазақстанда қазақ тілінің қолданыстағы нормаларын жетілдіруге бағытталған ауқымды жұмыс басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 60-тан астам тіл маманы мен ғалым жаңа сөздіктер мен анықтамалықтар әзірлеуге кірісті. Бұл туралы Вице-президент Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

60-тан астам маман қазақ тілінің нормаларын жетілдіреді

Ерлан Қариннің айтуынша, тіл мамандары мен ғалымдар Мемлекет басшысының өткен аптада «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайында берген тапсырмаларын орындауға кіріскен. Бұл жұмысқа 60-тан астам кәсіби маманнан тұратын сарапшылар тобы жұмылдырылады. Олардың алдында қазақ тілінің нормаларын жетілдіру, сөздік қорын жүйелеу және тілдің ғылыми негіздерін нығайту міндеті тұр.

«Оларға ұлттық деңгейдегі маңызды миссия жүктеліп отыр. Яғни, 60-тан астам кәсіби маманнан құралатын сарапшылар тобы тіл нормаларын жетілдірумен айналысатын болады», – деді Ерлан Қарин.

Президент бастамасы аясында тіл нормалары мен ережелеріне арналған 6 анықтамалық, 19 негізгі сөздік және 9 академиялық аударма сөздігін әзірлеу жоспарланған. Негізгі сөздіктер қатарында орфографиялық, орфоэпиялық, түсіндірме, грамматикалық, этимологиялық және терминологиялық еңбектер бар. Осылайша, қазақ тілінің жазылу, айтылу, мағына және терминология мәселелерін қамтитын барлығы 34 еңбек дайындалмақ.

Әзірленетін сөздіктер мен анықтамалықтардың барлығы «Қазақ тілінің әмбебап сөздігі» атты ұлттық цифрлық платформаға жинақталады. Жаңа жүйе арқылы тіл мамандары, мұғалімдер, студенттер, журналистер және жалпы жұртшылық қажетті сөздіктер мен тілдік нормаларға бір жерден қол жеткізе алады. Ерлан Қариннің сөзінше, тіл жанашырлары мен ғалымдар осындай тарихи маңызы бар бастаманы жүзеге асыруға сенім артқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірген.

Қазақ тілі ғылым мен инновация тіліне айналуы керек

Ерлан Қарин қазақ тілінің болашағы туралы сөз қозғаған.

«Сәкен Сейфуллиннің «Қазақ тілі кеңсе тіліне айналмай іс оңбайды» деген кең таралған сөзіне енді басқа пайым тұрғысынан қарау маңызды. Яғни, қазақ тілі ғылым мен инновация тіліне айналмай, ісіміз ілгерілемейді», – деді Вице-президент.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайында қазақ тіліндегі жасанды сөздер мен орынсыз аудармалар мәселесін көтерген еді. Мемлекет басшысы «қылтима», «жеделсаты», «субұрқақ» сияқты сөздерді мысалға келтіріп, тілдің табиғи болмысын сақтауға назар аударған болатын. Кейбір сөздерді Тоқаев қажеті жоқ жасанды сөздер деп атады.

Сообщение Алпыстан аса тіл маманы қазақ тілі нормаларын жетілдіруге кірісіп кетті появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанға биыл кімдер келді? Тоқаев қай елдерге барды
2026 жылдың 10 айында Қазақстан бірнеше елдің басшысын мемлекеттік және ресми сапармен қабылдады. Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелге жасаған сапарларында экономикалық серіктестікті кеңейту, инвестиция тарту және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Әсіресе АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысуы Қазақстан дипломатиясының биылғы маңызды оқиғаларының бірі болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қазақстанға кімдер келді

Жыл басынан бері Қазақстанға жеті мемлекет басшысы екіжақты қатынастар аясында арнайы сапармен келді. 27 ақпанда Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапар жасады. Келіссөздерде сауда, инвестиция, құрылыс, қорғаныс өнеркәсібі, жасанды интеллект және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық талқыланды. Сол кезде Қазақстанда 60-тан астам сербиялық компания жұмыс істеп жатқаны айтылды.

27 сәуірде Израиль Президенті Ицхак Герцог Қазақстанға ресми сапармен келді. Тараптар экономикалық байланыстарды кеңейту, жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастық және Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу мәселесін талқылады.

13 мамырда Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның мемлекеттік сапары өтті. Келіссөздер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға арналды.

Фото: Ақорда

19-20 маусымда Черногория Президенті Яков Милатович Қазақстанға екіжақты қатынастар тарихындағы алғашқы ресми сапарын жасады. Келіссөздерде көлік, логистика, энергетика, құрылыс, цифрлық даму және туризм салаларындағы әріптестік қарастырылды.

Күзде Қазақстанға Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ (5-6 қазан), Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильда (11-14 қазан), Иордания Королі II Абдалла (5 қараша) келді. Оман Сұлтаны мен Бельгия Королінің сапарлары екі ел тарихындағы алғашқы мемлекеттік сапарлар болды. Кездесулерде энергетика, аса маңызды минералдар, мұнай-химия, көлік-логистика, жаңартылатын энергия және технология салаларындағы ынтымақтастық талқыланды.

Тоқаевтың сапарлары

Жыл басында Президент Швейцарияның Давос қаласында Дүниежүзілік экономикалық форум аясында бірқатар кездесу өткізді. 22 қаңтарда АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Бұл Қазақстанның аталған халықаралық құрылымның негізін қалаушы елдердің қатарына қосылғанын білдірді.

Ақпанның басында Пәкістанға мемлекеттік сапар жасады. Исламабадта Президент Асиф Али Зардари және Премьер-министр Шахбаз Шарифпен келіссөз жүргізді. Нәтижесінде Қазақстан мен Пәкістан арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойылды. Көлік дәліздерін дамыту, сауда, энергетика, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.

Фото: Ақорда

Орталық Азия жөніндегі сарапшы Андрей Казанцев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиядағы белсенділігін қазіргі геосаяси ахуалмен байланыстырады.

– Қазақстанға көпвекторлы сыртқы саясатын жүргізу қазіргі жағдайда оңай емес. Серіктес елдердің қатарында Шығыс пен Батыстың жетекші мемлекеттері бар, ал олардың кейбірі өзара бәсекелесіп, тіпті қақтығысып отыр. Мұндай жағдайда тепе-теңдікті сақтау үшін кәсіби дипломатия мен белсенді сыртқы саясат қажет. Сонымен бірге сыртқы саясатты экономикалық және ішкі саясатпен ұштастыру маңызды. Осындай күрделі халықаралық жағдайда көпвекторлы бағыт Қазақстан үшін стратегиялық ресурс болып қала береді, – деді Андрей Казанцев.

Вашингтон сапары: Қазақстан Газа мәселесі бойынша не ұсынды

19-20 ақпанда АҚШ-қа барған Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Дональд Трамп бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысты. Бұл сапардың басты мазмұны Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыру және Газа секторын қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерге Қазақстанның қатысуы болды.

20 ақпандағы отырыста сөйлеген сөзінде Президент Қазақстанның Газа секторын қалпына келтіруге қатысуға дайын екенін мәлімдеді. Атап айтқанда, қазақстандық компанияларды тарта отырып, тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар мен инфрақұрылым нысандарын салу мүмкіндігін ұсынды.

Қазақстан Палестина студенттеріне бес жыл ішінде отандық жоғары оқу орындарында білім алу үшін 500-ден астам грант бөлуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Бұған қоса, азық-түлік көмегін көрсетуге, электрондық үкімет саласындағы тәжірибесін бөлісуге, көшпелі госпиталь құру үшін медицина мамандарын және Азаматтық-әскери үйлестіру орталығына бақылаушылар жіберуге дайын екенін жеткізді.

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғанын да атап өтті. Бұл шешімді Таяу Шығыста бейбітшілік пен экономикалық-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қадам ретінде түсіндірді.

Көктемде Тоқаев Өзбекстанның Бұхара қаласына жұмыс сапарымен барып, Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді. Сәуірде Түркияның Анталия дипломатиялық форумына қатысты.

Жазда Қытайдың Шанхай қаласында Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізіп, Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысса, күзде Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапар жасап, екіжақты қатынастарды стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтеру жөнінде келіссөз жүргізді.

29-30 қыркүйекте Германияға ресми сапармен барып, Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен бірлескен декларация қабылдады.

Сообщение Қазақстанға биыл кімдер келді? Тоқаев қай елдерге барды появились сначала на Tizgin kz.

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесіндегі Ақпараттық қауіпсіздік бөлімі басшысын тағайындады
Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Болатұлы Шәлекенов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Ашық дереккөздерде Бауыржан Шәлекеновтің өмірбаяны жайлы деректер табылған жоқ.

Бүгін Тоқаев ҰҚК басшысын да ауыстырған еді.

Сообщение Тоқаев Қауіпсіздік кеңесіндегі Ақпараттық қауіпсіздік бөлімі басшысын тағайындады появились сначала на Tizgin kz.

Тоқаев ҰҚК басшысы ауысқан соң комитетті реформалауды талап етті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы Марат Ирменовті таныстырып, оған бірқатар міндет жүктеді, деп хабарлайды Tizgin.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Саладағы қызмет тиімділігін арттыру қажет

Президент ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесін реформалау, ведомство алдына қойылған мақсаттарға жетудің жаңа тәсілдерін әзірлеп, қызмет тиімділігін арттыру қажеттігіне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң мен Тәртіп» қағидатының орындалуына, мемлекеттің экономика саласындағы ұлттық мүддесін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа баса назар аудару керек екенін атап өтті, – делінген Ақорда мәліметінде.

Президент берген тапсырмалар

Президент одан басқа да заң бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға мән беру керектігін жеткізді.

Сонымен қатар Президент кадрларды іріктеу тәртібін жетілдіру, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа төнетін қауіптің алдын алу жөнінде тапсырма берді. Басымдыққа ие мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту де назарға алынды.

Сообщение Тоқаев ҰҚК басшысы ауысқан соң комитетті реформалауды талап етті появились сначала на Tizgin kz.

«Басымызды құмға тықпаймыз»: Тоқаев Қазақстандағы жемқорлықтың ауқымын ашық айтты
Қазақстанда соңғы үш жылда 3 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы анықталған. Олардың 2 мыңнан астамын мемлекеттік қызметшілер жасаған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында елдегі жемқорлық ахуалын күрделі деп бағалап, бұл мәселеге қатысты ақпарат халықтан жасырылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Үш жылда 3 мыңнан астам жемқорлық дерегі анықталған

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты статистикалық мәліметтерді жариялады. Президенттің айтуынша, 2023–2025 жылдар аралығында елімізде 3 168 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы анықталған. Оның 2 165-ін мемлекеттік қызметшілер, ал қалғанын өзге тұлғалар, соның ішінде квазимемлекеттік сектор қызметкерлері жасаған. Аталған құқық бұзушылықтарға қатысты жалпы сома 248,2 миллиард теңгеден асады. Биылғы жылдың алғашқы он айында да жүздеген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы тіркелген.

«Осы жылдың он айы ішінде 751 сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасалған, соның 546-сын – мемлекеттік қызметшілер, ал 205-ін өзге де тұлғалар жасаған, соның ішінде квазимемлекеттік сектор қызметшілері де бар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Ешнәрсені жасырмаймыз»

Мемлекет басшысы келтірілген статистика елдегі сыбайлас жемқорлық мәселесінің әлі де өзекті екенін көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, билік жемқорлыққа қатысты деректерді де, онымен күресу үшін қабылданып жатқан шараларды да қоғамнан жасырмауы тиіс.

«Осы статистикадан көріп отырғанымыздай, еліміздегі сыбайлас жемқорлық ахуалы күрделі болып тұр. Бірақ біз ешнәрсені де жасырмаймыз, басын құмға тыққан страустың кейпіне түспейміз», – деді Президент.

Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ашықтық қағидаты сақталатынын жеткізді.

«Біз осы саладағы мәселенің бәрін ашық айтамыз, жемқорлықты жою үшін қабылданған және қабылданатын шаралар туралы да ешнәрсені жасырмай, барлығын халыққа ашық көрсетіп отырамыз», – деді Мемлекет басшысы.

«Өзіміздікі» және «бөтен» деп бөлуге жол берілмейді

Президент сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерді тергеуде лауазымына, қызметтік байланысына немесе өзге де жағдайларға қарай адамдарды бөліп-жаруға болмайтынын ескертті. Оның айтуынша, түрлі деңгейдегі басшылардың қаржы жымқыруға қатысты құқық бұзушылықтарын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметі Бас прокуратурамен бірлесіп, жедел әрі мұқият тексереді.

«Өзіміздікі» және «Өзіміздікі емес», тіпті «бөтен» деп бөлуге мүлде жол берілмейді, өйткені Конституцияда заң мен сот алдында бәрі тең екені анық жазылды. Біз бәріміз де осы заңға бағынуымыз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осылайша, Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте заң алдындағы теңдік пен ашықтық қағидаттарын сақтау қажеттігін атап өтті.

Сообщение «Басымызды құмға тықпаймыз»: Тоқаев Қазақстандағы жемқорлықтың ауқымын ашық айтты появились сначала на Tizgin kz.

Тоқаев ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» ісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді. Президент бұл жағдайды мемлекеттік компаниялардағы сыбайлас жемқорлық мәселесінің күрделілігін көрсететін оқиға деп бағалады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Бұл – мемлекеттік компанияларда жемқорлық белең алғанын көрсететін аса күрделі жағдай»

Мемлекет басшысы ұлттық компаниялардың басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық істерге тоқталып, тергеу енді басталғанын атап өтті.

«Кеше еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ұсталғаны туралы мәлімет таратты. Ашығын айтқанда, бұл – мемлекеттік компанияларда жемқорлық белең алғанын көрсететін аса күрделі жағдай», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев заң бойынша сотқа дейінгі тергеу деректерін жария етуге шектеу қойылғанын еске салды. Оның айтуынша, тергеу жұмыстары енді басталғандықтан, істің егжей-тегжейін ашып көрсетуге болмайды. Соған қарамастан, Мемлекет басшысы болған оқиғаның мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызына назар аударды.

Тоқаев «Заң мен Тәртіп» қағидатына тоқталды

Президент ұлттық компаниялардағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты істі елде жарияланған «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасымен байланыстырды.

«Бұл – біз «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жариялап, оны Конституциямызда мемлекеттік басқару мен қоғам өмірінің басты қағидаты ретінде бекіткелі бері біртұтас жүйеге кіретін мемлекеттік компанияларда болып тұрған сыбайлас жемқорлыққа қатысты алғашқы ірі іс», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы заң талаптарын сақтау мемлекеттік органдармен қатар, ұлттық компаниялар үшін де маңызды екенін атап өтті.

«Конституцияны бұзуға ешкімнің хақы жоқ»

Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Президент Қазақстанның жаңа Конституциясына да тоқталды. Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда қабылданған Конституцияның 1 шілдеде күшіне енгенін еске салды. Тоқаевтың айтуынша, елдің негізгі заңы мемлекеттік басқару мен қоғамдық өмірдегі басты құқықтық қағидаттарды айқындайды.

«Конституцияның ережелері мен баптарын бұзуға, халқымыздың осы қасиетті құжатын келемеж жасауға, кемсітушілік көрсетуге ешкімнің де хақы жоқ», – деді Президент.

Еске салайық, 11 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыншиевті ұстаған. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеудің өзге мәліметтері жарияланбайтынын хабарлады. Күдіктілердің кінәсі сот үкімімен анықталған жоқ.

Сообщение Тоқаев ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» ісіне қатысты мәлімдеме жасады появились сначала на Tizgin kz.

«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізеді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 қарашада көлік-логистика саласын дамыту мәселелеріне арналған Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді. Жиында «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) ұлттық компаниясы басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына күдікпен ұсталу мәселесі де қаралады, деп хабарлайды Tizgin.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаев резонанс тудырған ұстауларға қатысты мемлекет ұстанымын білдіреді

Президенттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы 13 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтеді. Жиынның күн тәртібіне көлік-логистика саласын дамыту мәселелерімен қатар, квазимемлекеттік сектордағы ірі ұйымдар басшыларының ұсталуына қатысты жағдай енгізілген.

«Отырыс барысында Президент «Самұрық-Қазына» АҚ және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің қағидатты ұстанымын білдіреді», – деп жазылған хабарламада.

Мемлекет басшысы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі саналатын «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтауға ерекше назар аудармақ. Сонымен қатар ұлттық компаниялар басшыларының жеке жауапкершілігі, ел үшін стратегиялық маңызы бар кәсіпорындардың қызметіндегі заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланады. Осылайша, алдағы жиында көлік саласын дамыту мәселелерімен бірге мемлекеттік активтерді басқаратын лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі де қаралады.

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевтің ұсталуы туралы не белгілі

12 қарашада Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевтің ұсталғанын ресми түрде растады. Ведомство мәліметінше, оларды 11 қарашада ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мамандары ұстаған. Екі ұйымның басшыларымен бірге аты-жөні ресми түрде жарияланбаған басқа да адамдар ұсталған. Олардың барлығы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген.

ҰҚК қазір істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын хабарлады, алайда болжамды қылмыстың нақты мән-жайы, оның ішінде келтірілуі мүмкін залал мөлшері әзірге жарияланған жоқ. Ведомство сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысына қатысты ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін түсіндірді. Сондай-ақ ҰҚК Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалғасып жатқанын атап өтті.

Ұлттық компаниялар басшыларының жеке жауапкершілігі қаралады

Қауіпсіздік кеңесінің алдағы отырысында Қазақстанның стратегиялық маңызы бар кәсіпорындарын басқару мәселелеріне де назар аударылады. «Самұрық-Қазына» қоры энергетика, мұнай-газ, көлік, телекоммуникация және экономиканың басқа да салаларындағы ірі мемлекеттік активтерді басқарады. Ал «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы елдің негізгі теміржол тасымалдаушысы ретінде көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуда маңызды рөл атқарады.

Бұған дейін қор басшылығы Үкімет тарапынан сынға ұшыраған болатын. Атап айтқанда, 4 қарашада Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысында бірқатар ірі инвестициялық жобаның белгіленген мерзімде орындалмағанына наразылық білдірген. Сол кезде Үкімет басшысы жұмыстардың уақытылы атқарылуын бақылауды күшейтуді және қор құрамындағы компаниялар басшыларының жауапкершілігін арттыруды тапсырған еді. Енді ұлттық компаниялар қызметіндегі заңдылық, ашықтық және басшылардың жеке жауапкершілігі мәселелері Президенттің төрағалығымен өтетін Қауіпсіздік кеңесінің деңгейінде қаралмақ.

Сообщение «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізеді появились сначала на Tizgin kz.

Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әуежайда ресми өкілдер қарсы алды

Ресей астанасының әуежайында Қазақстан президентін Ресей үкіметінің ресми өкілдері қарсы алды.

Мәскеудегі отырыста ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары жиналады. Бұған дейін БАҚ-та ол отырысқа Армения премьер-министрі Никол Пашинянның қатыспайтыны хабарланған еді.

Жиында не талқыланады

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы Мәскеуде 11 қарашада өтеді. Ресейлік БАҚ-тың Кремльге сілтеме жасап хабарлауынша, ұйымға мүше елдердің басшылары өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру шараларын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік мәселелерді талқылайды.

Отырыс қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ның қорытынды декларациясына және Ресей бастамасымен әзірленген 2030 жылға дейінгі антитеррорлық стратегияға қол қою жоспарланған. Сондай-ақ 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ұйымға төрағалық Ресейден Тәжікстанға өтеді.

Сообщение Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды появились сначала на Tizgin kz.

«Қылтима, жеделсаты, субұрқақ»: Тоқаев қажеті жоқ жасанды сөздерді атады
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөз сөйлген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қисынсыз аудармаларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қолданыс аясы кеңейген сөздер

Мемлекет басшысы алдымен қазақ тілінің басқа іргелес елдер тілдерімен салыстырғанда әлдеқайда таза деп айту орынды екенін жеткізді.

«Мысалы, бұрын өте сирек пайдаланған немесе мүлде пайдаланбаған «тұжырымдама, қағидат, жоспар, сыйақы, шәкіртақы, еңбек өтілі, кешенді, әмбебап, жүйелі, тыңайтқыш, жанармай, көгалдандыру, босқын, қырғи-қабақ соғыс, қоқан-лоқы, лаңкестік, есірткі, бітімгерлік күштер, мәмілегер, ғарыш, зымыран, жаһан, ғаламтор, тікұшақ, жасанды сана, пайыз, сынып» сияқты сөздер тілімізде кең қолданыс тапты. Бұл – жақсы дүние», – деді Тоқаев.

Кей сөздер қолданыстан алына ма

Ол сөз арасында әр жақсы құбылыстың шегі болуы керектігін айтып, қажеті жоқ жасанды сөздерді атады.

«Мысалы, «күйсандық (пианино), қылтима (балкон), субұрқақ (фонтан), себезгі (душ), қырыққабат (капуста), үнқағаз (газет), жеделсаты (лифт), желкөз (форточка)» және тағы басқа жасанды сөздердің қажеттілігі екіталай сияқты», – деді Президент.

Жұмыс тобы құрылады

Оның айтуынша, соңғы кезде дінге қатысты көне сөздердің орнына араб сөздерін жиі қолдану сән болып кетті. Мұның да қажеттілігіне күмән бар көрінеді. Президент тіл ғылымына қатысты әмбебап, бәріне қолжетімді цифрлық жүйе әзірлеу маңызды екенін мәлімдеді.

«Бұл міндетті мемлекеттік деңгейде сапалы орындау үшін құрамына кәсіби тіл мамандары, ғалымдар, сарапшылар мен жалпы қоғам өкілдері кіретін арнайы жұмыс тобын құрған жөн деп санаймын. Жұмыс тобының қызметін үйлестіру Президент Әкімшілігіне жүктеледі», – деді Тоқаев.

Сообщение «Қылтима, жеделсаты, субұрқақ»: Тоқаев қажеті жоқ жасанды сөздерді атады появились сначала на Tizgin kz.

Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөз сөйледі,

Отырыста Президент өткен замандарда саяси қысым болған кезде ана тіліміз әдебиетшілер мен тіл мамандарының, журналистеріміздің, зиялы қауым мен қарапайым азаматтардың арқасында аман қалды да, өзінің дамуын тоқтатқан жоқ деді. Бұл – тіпті, қазақ тілінің өміршеңдігі бірегей деген сөз деп атап өтті.

“Ал қазіргі таңда тіліміздің келешегіне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп анық айтуға болады. Бүгінде қазақ тілі озық технологиялар саласына кең ауқымда еніп, заман талабына сай дамып келе жатыр. Елімізде сан алуан цифрлық платформалар табысты жұмыс істеп тұр. Оның бәрі қазақ тілінде қызмет көрсететін болды. Ана тіліміздің әлеуетін әлемнің озық технологиялық компаниялары да мойындай бастады. Мәселен, Open.AI компаниясы жүргізген зерттеуге сәйкес қазақ тілі соңғы үш жылда жасанды интеллект жүйесіндегі қолданыс аясы қарқынды кеңейіп жатқан тілдердің қатарына кірген. Ал Yandeх компаниясы өзінің бір белгілі өнімін былтырдан бері қазақ тілінде қолданатын адамдардың саны 30 пайызға артқанын мәлімдеп отыр. Сондай-ақ өткен жылы Google компаниясы қазақ тілін Gemini тілдік моделіне енгізді. Мұның бәрі – қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту үшін жүргізілген жүйелі жұмыстың бір нәтижесі”, – дейді Президент.

Тоқаев «алтын шыққан жерді белден қаз» дегендей, осы бағытта басталған өте қажетті әрі маңызды жұмысты тоқтатпай, жалғастыра беруіміз керек дейді.

Сообщение Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді – Тоқаев появились сначала на Tizgin kz.