Архивы Асқарбек Ертаев - Tizgin kz

Табыс пен мүлік тексеріледі: 2027 жылдан бастап әлеуметтік көмек қалай тағайындалады
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда отбасылардың әлеуметтік әл-ауқат деңгейін анықтаудың жаңа әдістемесі күшіне енеді. Енді әлеуметтік көмектің жекелеген түрлерін тағайындау кезінде отбасының табысы ғана емес, мүлкі, несиесі, жұмыспен қамтылуы және асырауындағы адамдар саны да ескеріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі қалай өзгереді

Министрдің айтуынша, жаңа әдістеменің басты мақсаты – мемлекеттік көмекті нақты мұқтаж азаматтарға бағыттау. Бұған дейін әлеуметтік қолдаудың кейбір түрлері азаматтардың белгілі бір санатқа жатуына қарай тағайындалса, жаңа тәсілде отбасының нақты материалдық және әлеуметтік жағдайы ескеріледі.

«Отбасының мүліктік және әлеуметтік жағдайы бағаланады. Бірде-бір мұқтаж қазақстандық қолдаусыз қалмайды. Бұл – әлеуметтік саясаттың басты қағидаты», – дейді Асқарбек Ертаев.

Министрдің мәліметінше, жаңа әдістеме 2026 жылғы 4 қазанда бекітілген. Ол екі негізгі бөліктен тұрады: отбасының материалдық әл-ауқаты және әлеуметтік тұрақтылығы. Ал 2023 жылдан бері қолданылып келген бұрынғы әдістеме 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жояды.

Отбасының табысы, несиесі мен мүлкі қалай есептеледі

Жаңа әдістеменің бірінші бөлігі отбасының материалдық жағдайын 59 көрсеткіш бойынша бағалауды көздейді. Атап айтқанда, мынадай мәліметтер ескеріледі:

Отбасы мүшелерінің табысы мен жұмыспен қамтылуы;

Несиелері мен өзге де қаржылық міндеттемелері;

Жылжымайтын және жылжымалы мүлкі;

Автокөлік және басқа да көлік құралдарының болуы;

Кәсіпкерлік қызметпен айналысуы;

Жер телімдері мен ауыл шаруашылығы қызметінің болуы.

Бұл ақпараттар мемлекеттік дерекқорлардан автоматты түрде алынады, яғни азаматтарға отбасының әлеуметтік жағдайын бағалату үшін қосымша анықтамалар жинап, мемлекеттік органдарға арнайы жүгінудің қажеті болмайды. Бағалау бірыңғай талаптар бойынша автоматты түрде жүргізіледі.

Сонымен қатар, жаңа жүйеде әлеуметтік көмек алатын жеке адам ғана емес, бүкіл үй шаруашылығының жағдайы қарастырылады. Белгіленген тәртіпке сәйкес, бір мекенжайда тіркелген отбасы мүшелері, сондай-ақ бірге тұратын туыстары мен өзге де адамдар туралы мәліметтер есепке алынады.

Табысы бірдей отбасылар неге әртүрлі бағаланады

Әдістеменің екінші бөлігі отбасының әлеуметтік жүктемесін анықтауға арналған. Бұл ретте отбасы мүшелерінің саны, асырауындағы балалар, қарт адамдар және мүгедектігі бар азаматтардың болуы ескеріледі. Министрдің түсіндіруінше, екі отбасының айлық табысы бірдей болғанымен, олардың тұрмыс деңгейі әртүрлі болуы мүмкін.

Мәселен, екі отбасының да ай сайынғы табысы 500 мың теңге делік, алайда бір отбасында екі адам, ал екіншісінде бес адам тұратын болса, олардың қаржылық мүмкіндіктері бірдей болмайды. Сондықтан жаңа жүйе отбасының жалпы табысымен қатар, асырауындағы адамдар саны мен әлеуметтік жүктемесін де назарға алады. Осының нәтижесінде асырауындағы адамдары көп отбасының материалдық және әлеуметтік жағдайына берілетін баға төменірек болуы мүмкін.

Жаңа әдістемеде жалғызбасты ата-аналардың жағдайы мен отбасы мүшелерінің бөлек тұруына қатысты ерекшеліктер де қарастырылған. Осылайша, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік көмектің жекелеген түрлерін тағайындау кезінде отбасылардың нақты мұқтаждық деңгейіне басымдық беріледі.

Сообщение Табыс пен мүлік тексеріледі: 2027 жылдан бастап әлеуметтік көмек қалай тағайындалады появились сначала на Tizgin kz.

Жаңа жылдан бастап 550 мың адам әлеуметтік көмектің 14 түрін ала алмайды
Қазақстанда азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау кезінде олардың тұрмыстық жағдайы мен табысы ескерілмек. Жаңа тәсілге сәйкес, А және В санатындағы азаматтарға әлеуметтік төлемнің 36 түрінің 22-сі қолжетімді болады. Ал С, D және Е санатындағы азаматтар барлық 36 төлем түрін ала алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қазақстанда әлеуметтік төлемдер кімдерге шектеледі

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта әлеуметтік көмек алушылар бес санатқа бөлінеді. Олардың әрқайсысының әлеуметтік жағдайы мен мемлекеттік қолдауға мұқтаждық деңгейі ескеріледі.

Асқарбек Ертаев келтірген мәліметке сәйкес:

А санатында – 77 мың адам;

В санатында – 475 мың адам;

С, D және Е санаттарында – шамамен 2,7 миллион адам бар.

«Бізде қазір А санатында 77 мың адам әлеуметтік төлем алады. Б санатында 475 мың адам әлеуметтік төлем алады. Қалған 2 700 000-дай адам С, Д, Е санаттарына жатады. Оларға енді әлеуметтік төлемдер жағын күшейту жолдарын қарастыру керекпіз, сол себепті ол қағида қазір А, Б санатына бөлінді», – дейді Асқарбек Ертаев.

Отбасының жағдайы 59 көрсеткіш бойынша бағаланады

Асқарбек Ертаевтың айтуынша, азаматтарды белгілі бір санатқа жатқызу кезінде олардың табысы ғана есепке алынбайды.

«Оның ішінде табыс қана емес, 59 көрсеткіш бар. Әр отбасы 59 көрсеткішпен белгіленеді. А, Б санаты 36 әлеуметтік төлемнің түрлерінен тек 14-ін алмайды, қалған 22-сін ала береді. Ал С, Д, Е санаты 36 әлеуметтік төлем түрлерінің барлығын ала береді», – дейді министр.

Бұл тәсіл әлеуметтік көмекті азаматтардың нақты мұқтаждық деңгейіне қарай бөлуге бағытталған.

Министрдің сөзінше, С, D және Е санаттарына жататын шамамен 2,7 миллион адамға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларын күшейту жолдары қарастырылуы қажет.

Еске салсақ, бұған дейін 2027 жылдан бастап жәрдемақы тағайындау өзгеретінін, сарапшы үш маңызды шартты атағаны туралы жаздық.

Сообщение Жаңа жылдан бастап 550 мың адам әлеуметтік көмектің 14 түрін ала алмайды появились сначала на Tizgin kz.

Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма: министр жауап берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың сөзінше, ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім әлі қабылданған жоқ, деп хабарлайды Tizgin.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР

Аталған сома Қазақстан ұмтылуы тиіс мақсат ретінде қарастырылып жатқан көрінеді. Министрдің айтуынша, Қазақстанда ең төменгі жалақыны анықтау әдістемесі бекітіліп, барлық мүдделі мемлекеттік органдарға жолданған.

Ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) есептеу кезінде екі негізгі көрсеткішті: медианалық жалақы мен еңбек өнімділігін ескеру жоспарланған.

“Біз ең төменгі жалақы экономиканың нақты мүмкіндіктерімен бірге өсуі үшін осындай тәсілді таңдадық”, – деп түсіндірді Ертаев.

Қазір мемлекеттік органдар ЕТЖ-ның ықтимал өсуі аударымдар мен әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне қалай әсер ететінін, сондай-ақ қандай қосымша шығындар қажет болатынын анықтау үшін есептеулер жүргізіп жатыр.

Бюджеттік ұйымдар үшін ең төменгі жалақының көтерілуі республикалық және жергілікті бюджеттер шығыстарының артуын білдіреді. Бұл ретте жеке сектордағы жұмыс берушілер де жаңа талаптарды орындауы тиіс болады.

“Егер шешім қабылданса, оған бәрі дайын болуы керек. Сондықтан бұл мәселені “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, кәсіподақтармен және жұмыс берушілермен талқылау қажет”, – деп жалғастырды министр.

МИНИСТР НЕ АЙТТЫ

Ертаевтың сөзінше, қазіргі ЕТЖ мөлшерін – 85 мың теңгені қайта қараған дұрыс. Мұны үкіметтің экономикалық блогы да түсініп отыр. Алайда шешім қабылданбас бұрын мемлекеттік бюджет пен бизнестің мүмкіндіктерін бағалау керек.

Шенеунік ең төменгі жалақының кезең-кезеңімен көтерілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

“150 мың теңге – бұл қабылданған шешім емес, ұмтылу керек мақсат. Мұндай көрсеткіш медианалық жалақының шамамен 50 пайызына тең бағдармен байланысты”, – деді еңбек министрі.

Осылайша, ең төменгі жалақыны көтеру мерзімі мен оның болашақ мөлшері әлі анықталған жоқ. Түпкілікті шешім есептеулер аяқталып, мемлекеттік органдармен, бизнеспен және қызметкерлер өкілдерімен талқыланғаннан кейін қабылданады.

Сообщение Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма: министр жауап берді появились сначала на Tizgin kz.

Зейнетақы жүйесінің тағы бір моделі пысықталып жатыр
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев зейнетақы жүйесінде реформаны талқылау аясында тағы бір модель – сингапурлық модель талқыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлі талқылау жүргізіп жатырмыз. Өйткені таяуда қосымша ұсыныс – сингапурлық зейнетақы жүйесінің моделі пайда болды. Келесі аптада дәл осы модельді талқыға саламыз. Сингапурлық жүйе жинақтауды көздейді. Міндетті түрде жинақтау керек. Дегенмен, баспана сатып алуға мүмкіндік бар, – деді Асқарбек Ертаев Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында.

Оның айтуынша, министрлік бүгінде сарапшылардың қорытындысын күтіп отыр. Қорытынды алынғаннан кейін бұл ұсыныс жұмыс тобының қарауына шығарылады.

– Қалай дегенде де біз осы ұсыныстардың ішінен оңтайлысын таңдап, одан зейнетақы жүйеміз қалай дамитындығына қатысты қорытынды топтама жасаймыз, – деді министр.

Сообщение Зейнетақы жүйесінің тағы бір моделі пысықталып жатыр появились сначала на Tizgin kz.

Табысын өтірік етіп көрсетіп декреттік ақша алғандар оны кері қайтарады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев бала тапқан әйелдерге декреттік ақшасын көп етіп алуға көмектескен «көмектескіштер» сотталып жатқанын айтты, деп хабардайды Tizgin.kz.

«Көмектескіштер» әр әйелге кәсіпкерлік есепшотын ашып, оған ақша салып, жалақысы көп сияқты етіп көрсетеді. Біз ондай схемаларды жоямыз, ары қарай олай болдырмаймыз. Кім сол схеманы жасады — сол жауапкершілікке тартылады», – деді министр Асқарбек Ертаев.

Министрдің айтуынша, әйелдер декреттік ақшасын көп етіп өтірік көрсетіп, ақшаны алғаны анықталып, сот шешімі шықса — ол ақшаны кері қайтаруға тура келеді.

Сообщение Табысын өтірік етіп көрсетіп декреттік ақша алғандар оны кері қайтарады появились сначала на Tizgin kz.

Тоқаев Ертаевқа әлеуметтік масылдықпен күресті күшейтуді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысы ведомствоның 2025 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен биыл бес айдағы нәтижелері туралы есебін тыңдаған.

ЕРТАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Асқарбек Ертаев мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік міндеттемелер толығымен орындалып жатқанын айтқан. 2025 жылы зейнетақы, базалық жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерге 5,9 триллион теңге жұмсалды. Биылғы бес айда бұл көрсеткіш 2,7 триллион теңгені құраған. Мүгедектігі бар жандарды қолдау және жұмысқа орналастыру шаралары жөнінде баяндаған.

Биыл 12 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат еңбекке тартылған. Жыл соңына дейін мүгедектікті белгілеуге арналған цифрлық талдау тетігін енгізу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттырып, еліміздің аймақтарында 7 жаңа оңалту орталығын ашу міндетін қойған. Бұл қызметтердің қолжетімділігін жақсартып, ерекше қажеттілігі бар жандарға жан-жақты қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Халықты еңбекпен қамту бағытында қолға алынған шаралар туралы мәлімет берілген. Ел көлемінде 201 мыңға жуық азамат, соның ішінде 74,9 мың жас жұмыспен қамтылған.

“Биыл лайықты жалақы төлеп, әлеуметтік аударымдарды үзбейтін әрі еңбек қауіпсіздігін сақтайтын тұрақты және орнықты жұмыс орындарының санын 3,1 миллионға дейін жеткізу міндеті қойылды. Жасанды интеллект технологияларын енгізу аясында Маңғыстау және Павлодар облыстарында «Жұмыспен қамтудың цифрлық қызметі» пилоттық режимін іске қосу жоспарланды. Еңбек қатынастарын реттеу бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде айтты. Электрондық форматта 6,7 миллион еңбек шарты жасалған. Мекемелердің 118 мыңнан аса жұмыскері міндетті сақтандыру шартымен қамтылды.

Еңбек инспекторларының көмегімен 22 мыңнан аса жұмыскердің құқығы қорғалды. Өндірістік жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың алдын алуға ерекше назар аударылуда. Кәсіптік тәуекелдерді айқындау, оқыту үдерісін автоматтандыру және төмендетілген жалақыны анықтау үшін цифрлық шешімдер енгізу қарастырылған”, – деп жазады Ақорда.

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАПСЫРМАСЫ

Мемлекет басшысы саланы одан әрі цифрландыру, еңбек адамының құқығын қорғау, мұқтаж жандарға көмек көрсету және әлеуметтік масылдықпен күрес жөнінде бірқатар тапсырма жүктеген. Президенттің айтуынша, қабылданған шаралардың барлығы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы қажет.

Сообщение Тоқаев Ертаевқа әлеуметтік масылдықпен күресті күшейтуді тапсырды появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстан шетелдіктерге не үшін зейнетақы төлеген – министрлік жауап берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өмірден өткен азаматтарға, сондай-ақ шетелдіктерге зейнетақы төленгені жөнінде тараған ақпаратқа ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

МИНИСТРЛІК МӘЛІМЕТІ

Жоғарғы есеп палатасы мұндай фактілерді жүргізген тексеріс кезінде анықтаған. Осыған дейін Қазақстанда зейнетақы төлемдері көз жұмғандар, хабар-ошарсыз кеткендер және Ауғанстан, Нигерия, Үндістан азаматтары шоттарына кеткені хабарланған. Жалпы сомасы – 21 миллиард теңге.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаевтың айтуынша, Жоғарғы есеп палатасы шынымен де тексеріс жүргізді. Бірақ кей мәліметтер нақтылауды қажет етеді.

«Жоғарғы есеп палатасы 2020-2024 жылдар аралығында министрлікте тексеру жүргізді. Нәтижесінде 67 мың алушыға (шетелдіктерге) 20,8 миллиард теңге төленген фактілер анықталды», – деді министр.

ҚАЛҒАН АҚША ҚАЙТАРЫЛА МА

Оның сөзінше, төленген қаражаттың бір бөлігі қайтарылған.

«Осы қаражатты алсаң, 57 мың адам13,5 миллиард теңгені қайтарды. Қазір мемлекеттік «Үкімет – азаматтарға» корпорациясы қалған шамамен 6 миллиард теңгені 4 400 шетелдік азаматтан қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деп түсіндірді Ертаев.

СОТ АРҚЫЛЫ ҚАЙТҚАН АҚША

Сонымен қатар, 120 адамның бақилық болуына байланысты шамамен 500 миллион теңге сот арқылы қайтарылған.

Министр шетелдіктерге төлемдер халықаралық келісімдер аясында жүзеге асырылатынын атап өтті.

«Қазақстан халықаралық келісімдерге қосылған. Егер шетелдік азамат Қазақстанда жұмыс істеп, аударымдар жасап, зейнетке шықса, біз оған зейнетақы төлеуге міндеттіміз. Сол секілді Қазақстан азаматтары басқа елдерде төлем алады», – деді Ертаев.

Ол қаражатты қайтару жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын, процесс толық аяқталмағанын айтты.

Сообщение Қазақстан шетелдіктерге не үшін зейнетақы төлеген – министрлік жауап берді появились сначала на Tizgin kz.

Жасөспірімдер қалай заңды түрде жұмыс істей алады – министр айтып берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкіметі отырысында жасөспірімдерді заңды түрде жұмыспен қамту мүмкіндіктері мен оларды алаяқ жұмыс берушілерден қорғау тетіктері туралы айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ЕЛД ҚАНША ЖАСӨСПІРІМ БАР

Министрдің айтуынша, елде шамамен 1,7 миллионға жуық жасөспірім бар. Олардың басым бөлігі оңтүстік өңірлерде шоғырланған: Түркістан облысында – 236,6 мың, Алматы облысында – 143,5 мың, Жамбыл облысында – 120 мың. Сондай-ақ Алматыда – 161,8 мың, Астанада – 107 мың және Шымкентте – 112 мың жасөспірім тұрады.

Ведомство басшысы қазір 5,3 мың оқушының жұмыспен қамтылғанын атап өтті. Жасөспірімдер көбіне сауда, қызмет көрсету, ойын-сауық және қоғамдық тамақтану салаларында еңбек етеді. Олардың арасында көгалдандырушы, курьер, даяшы, сатушы-консультант, аспаз көмекшісі және аниматор сияқты алғашқы еңбек тәжірибесін беретін мамандықтар бар.

ҚАНША ОҚУШЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Министр сондай-ақ жасөспірімдердің ресми түрде жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін арнайы цифрлық платформа туралы айтты. Оның сөзінше, 14 жастан бастап оқушылар мен студенттерде жүйеге тіркеліп, жеке кабинет ашуға мүмкіндік бар. Түйіндеме орналастырып, бос жұмыс орындарын өздері іздей алатын көрінеді. Ал 16 жасқа толмағандар үшін тіркеу ата-аналар немесе заңды өкілдер арқылы жүзеге асырылады. Платформа еңбек шарттарының заңды түрде рәсімделуі мен қауіпсіз жұмыс іздеу үдерісін қамтамасыз етеді.

Жыл басталғалы осы жүйе арқылы 1 024 оқушы жұмысқа орналастырылған. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 4 552 адамды құраған.

Бұдан бөлек, жасөспірімдер арнайы біліктілікті қажет етпейтін қоғамдық жұмыстарға да тартылады. Мұндай жағдайда олардың ай сайынғы табысы кемінде 24 АЕК-ті құрайды (2026 жылы – 103 800 теңге).

Сообщение Жасөспірімдер қалай заңды түрде жұмыс істей алады – министр айтып берді появились сначала на Tizgin kz.

Тоқаев жаңа еңбек министріне зейнетақы жүйесін жетілдіруді тапсырды
Мемлекет басшысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президентке ведомство қызметінің биылғы басым бағыттары жөнінде баяндалған. Асқарбек Ертаев халықты жұмыспен қамту жоспары жөнінде мәлімет берген. Уақытша шаралардан гөрі тұрақты және сапалы жұмыс орындарын ашу, еңбек ұтқырлығын арттыру және білім беру жүйесі мен нарық сұранысы арасында тығыз байланыс орнату жоспарланып отыр. Жастарды, соның ішінде NEET санатындағы азаматтарды жұмыспен қамтуға баса мән берілетіні аталып өткен. Атаулы әлеуметтік көмек жүйесін одан әрі жетілдіру жоспары таныстырған.

Министрлік цифрлық бағалау құралдары арқылы қолдау шараларының нақты адресіне жету мүмкіндігін кеңейтуге ниетті. Сонымен қатар көмек алатын әрі еңбекке жарамды азаматтарды міндетті түрде жұмыспен қамти отырып, әлеуметтік келісімшарт тәжірибесін кеңейтуді көздеп отыр. Зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету және зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейін сақтау жөнінде айтты. Мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік тұрғыдан қорғау мәселелеріне баса назар аударылды. Министрлік арнаулы әлеуметтік қызметтерді жан басына қарай қаржыландыру тетігін одан әрі дамытуды, олардың сапа стандарттарын арттыруды, оңалту қызметтері мен техникалық құралдарды қолжетімді етуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар инклюзивті жұмыс орындарын ашуға ден қояды. Көші-қон саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары жайында ақпарат берді.

Көші-қон үдерісін басқару және болжау деңгейін жақсарту, ішкі миграцияны теңгерімді жүргізу, елдегі еңбек нарығын қорғауға басымдық бере отырып, еңбек көші-қонын реттеуді жетілдіру көзделген.

Мемлекет басшысы министрге халықты жұмыспен қамту, азаматтардың табысын ұлғайту, әлеуметтік қолдаудың шын мұқтаж жандарға жетуін бақылауды күшейту, зейнетақы жүйесін жетілдіру, теңгерімді көші-қон саясатын іске асыру, әлеуметтік қорғауда инклюзивті тәсілдерді дамыту, сондай-ақ цифрлық шешімдерді қолдану арқылы еңбекті қорғау жүйесін нығайту және қауіп-қатерлердің алдын алу бойынша бірқатар тапсырма берген.

Сообщение Тоқаев жаңа еңбек министріне зейнетақы жүйесін жетілдіруді тапсырды появились сначала на Tizgin kz.

Асқарбек Ертаев жаңа қызметке тағайындалды
Асқарбек Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ресми мәліметпен Ақорданың баспасөз қызметі бөлісті.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Ол 1977 жылы Ақтөбе қаласында туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, «Нұр» Ақтөбе мененджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған.

2000-2014 жылдары банк секторында жұмыс істеді.

2014 жылы – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитеті бас сарапшысының м.а.

2014-2021 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры.

2021-2022 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінде сектор меңгерушісі.

2022-2023 жж. – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, ҚР Үкіметі Аппаратының экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

2023 жылы – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы болды.

2024 жылы – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.

Бұған дейін Светлана Жақыпованың қызметінен босатылғанын жазған едік.

Сообщение Асқарбек Ертаев жаңа қызметке тағайындалды появились сначала на Tizgin kz.