ЖаңалықтарСпорт

Спортшы Арман Оспанов мәслихат депутаты болуды көздеп отыр

Аралас жекпе-жектен танылған белгілі спортшы Арман Оспанов өңірлік деңгейде мәслихат депутаты болуды көздеп отыр. Мұндай пікірін спортшы “Әділет” партиясының съезінде Tizgin.kz порталына берген жауабында айтты.

“Партиядамыз (“Әділетте”). Съезге шақырылдық. Бүгінгі тізімде болмасақ та, өз қаламыздың мәслихатында әрекет етіп көреміз. Жастарға спортты насихаттап, ой-өрісін дамыту керек дегендей… Өзіміз де жаспыз. Өз қаламыздың мәслихатында бақ сынасақ деп отырмыз”, – деді Арман Оспанов.

Қоғамда “спортшылар өз ісімен айналысуы керек, депутат болмауы керек” деген пікір бар. Бұл жөнінде не ойлайтынын да Оспановтан сұралды.

“Ол алдағы пікірлермен айтылған шығар. Бірақ спортшы адамдар бірдей емес қой. Жігіт деген сегіз қырлы, бір сырлы болуы керек. Бір адаммен ондай шешім шығаруға болмайды ғой”, – дейді ол.

Еске сала кетейік, «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына ұсынылған үміткерлерді жариялады. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button