TOP-2Жаңалықтар

Соғыс жайлы фильм түсіру керек – Бапи (ВИДЕО)

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қазақстанның киногерлері келін мен ене жайлы фильм түсіре бермей, әскери-патриоттық тәрбие беретін кинотуындыларды көбірек түсіруі керек деп есептейді. Төменгі палатадағы жиында депутат осындай ұсынысты екі министрлікке жолдады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ермұрат Бапи Қазақстанның телеарналары мен кинотеатрларында әскери-патриоттық тәрбиеге бағытталған фильмдер өте сирек екеніне назар аударды. Ал сериалдар жоқтың қасы.

“Өнердің ішінде қоғамға ең бір әсер ететіні – кино. Ол көзбен, санамен, қимылмен – бәрімен әсер етеді. Халық оны қабылдайды. Сондықтан, біздің киноөнімдерді шығаратын мекемелер әскери-патриоттық тәрбие жөнінде мағлұмат беретін, жастарға рух беретін фильмдерді шығару керек”, – дейді ол.

Депутаттың айтуынша, Ресейде мұндай фильмдер көп. Кейбір фильмдерді Ермұрат Бапидің өзі де қызығып көретінін жасырмайды.

“Оның саяси астары бізге ұнамаса да, оның сюжеті, жастарды Отан мен ел қорғауға қасиеті бар сәттері көрсетіледі. Сол себепті Қорғаныс министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігі бірігіп, сондай фильмдерге конкурс жариялап, жылына құрып кеткенде екі-үш фильм түсіруге мұрындық болуы керек. Телеарналар мен кинотеатрлардан көретініміз – келін, отбасы, ырың-жырың – тұрмыстық жағдайлардың киносын көреміз. Ал қазір теңселіп тұрған әлемде бізге жастардың әскери-патриоттық тәрбиесі аса қажет”, – дейді Ермұрат Бапи.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button