Жаңалықтар
Шерзат ісі бойынша сотталған екі адам сотқа шағым түсірді
Шерзат Полат ісінде жәбірленушілерді қорғаған адвокат Мейірман Шекеев сотталған екі адам сотқа кассациялық шағым түсіргенін хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.
Адвокаттың хабарлауынша, Шерзат ісі бойынша сотталған Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметтен шағым түскен.
“Екеуі де сот үкімімен келіспей, ақтауды сұрап отыр. Сот ертең болады. Біздің қолдай отырыңыздар. Әділдік әрдайым биікте болсын”, – дейді Шекеев.
Айта кетейік, Азамат Тоқтаубаев 15 жылға, Дидар Қалиахмет 7 жылға сотталған еді.
Еске сала кетейік, 2024 жылы оқушы Шерзат Полатты өлтірді деген күдікпен Талғарда бір топ жігіт сотталған еді.