Без рубрики

Сәрсемәлиев соты: Қарабалиндер туысы 70 млн теңге талап етті

Атырауда төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сотта азаматтық талап арыз сомасы жарияланды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“ТАЛАП АРЫЗДЫ ҚАБЫЛДАЙМЫН”

Өмірден өткен Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әдемі Шылмағамбетова сотталушы Сәрсемәлиевтен 70 млн теңге моральдық және материалдық шығын талап етіп отыр.

Сұлтан Сәрсемәлиев аталған соманы төлеуден бас тартпайтынын, бірақ қаржы жағынан қиналып тұрғанын айтты.

«Талап арызды қабылдаймын, бірақ қайтаратыныма кепілдік бере алмаймын. Өмір бойы түрме күтіп тұр», – деді ол.

СӘРСЕМӘЛИЕВ ТЕРГЕУШІГЕ НЕ АЙТТЫ

Сотталушы тергеушіге жетпей-ақ әуежайда шетелден қабылдап алған адамдарға қылмысын мойындаған.

«Түсініп тұрмын, артық кеттім. Бірақ олар да өздері сұрап алғандай болды. Біреуі болмаса, біреуі қояр деп мүмкіндік берген едім», – дейді Сәрсемәлиев көзіне жас алып.

Back to top button