Ресей бензин экспортына салынған тыйымды бір жылға ұзартты
Ресей үкіметі жанармай экспортына қойылған тыйымды 2027 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Шектеу мерзімі
Одан бөлек, дизель мен кеме отынын және газойл экспорттау бойынша шектеулер осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін күшінде болады.
Reuters басылымы Ресейде бензин өндірісі үшінші ай қатарынан сұраныс деңгейінен төмен қалды деген мәліметті бөлісті. Шілдеде бұл айырмашылық 700-800 мың тоннаға жеткен.
Жанармай тапшылығы
Әлемдегі ірі мұнай экспорттаушы елдердің бірі саналатын Ресейдің өзінде қазір жанармай тапшылығы күшейіп, біршама өңірінде бензинге шектеу енгізілді. Бекеттерде ұдайы ұзын-сонар кезек. Баға уақыт өткен сайын қымбаттап барады.
Бұған негізгі себептердің бірі ретінде Украинаның Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасаған дрон соққылары аталып отыр.