Жаңалықтар

Рақымшылыққа кірмейтін қылмыстар мен тұлғалар жарияланды

Ішкі істер министрі Ержан Саденов 2026 жылғы 18 наурызда үкімет отырысында рақымшылыққа қатысты жаңа ережелерді түсіндірді, деп хабарлайды Tizgin.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

МИНИСТР МӘЛІМЕТІ

Рақымшылық тек азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін белгілі бір қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға қолданылатын болады.

“Қауіпті қылмыстар жасағандар, оның ішінде терроризм, экстремизм, жемқорлық, кәмелетке толмағандардың жыныстық тұтастығына қарсы қылмыстар, азаптау, сондай-ақ рецидивистер мен іздеуде жүрген тұлғалар рақымшылыққа кірмейді”, – деді Сәденов.

АЙЫППҰЛ КЕШІРІЛЕ МЕ

Сонымен қатар министр әкімшілік рақымшылық аясында жеке тұлғалардың орындамаған айыппұлдарының толық немесе жартылай кешірілуі мәселесі қарастырылатынын еске салды:

“Бұл тұлғалардың категориялары, айыппұл сомалары мен оны кешіру тәртібі уәкілетті орган тарапынан заң жобасын әзірлеу кезінде егжей-тегжейлі пысықталады”, – деді Саденов.

Еске салсақ, бұған дейін ІІМ мен Әділет министрлігі әкімшілік рақымшылықты өткізуге тапсырма алған болатын.

Back to top button