ЖаңалықтарОқиға

Қызылордада полицейді өлтіріп кеткен: күдіктіге іздеу жарияланды

Осы іс бойынша полицейдің өзі бірнеше рет жауапкершілікке тартқан ер адам күдікке ілінді, деп хабарлайды Tizgin.kz. 

Денесі жер үй ауласынан табылды

1 қыркүйек күні таңертең әлеуметтік желілерде жер үй ауласындағы гараждан 1988 жылы туған полицейдің денесі табылғаны туралы мәлімет тарады. Соған сәйкес, күдіктіге іздеу жарияланды.

Полиция не деді

Қызылорда облысының Полиция департаменті аталған ақпаратты растады.

“Арал ауданында тұрмыстық жанжал барысында учаскелік полиция инспекторына дене жарақаты салынып, салдарынан ол қайтыс болды. Оқиға кезінде қызметкер еңбек демалысында болған”, – деп хабарлады ведомство.

Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Бірнеше рет жауапкершілікке тартылған

“Күдіктінің жеке басы анықталды. Оны ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр”, – делінген ПД өкілдері бөліскен мәліметте.

Бұдан бөлек, ведомствода күдікті бұған дейін марқұм болған учаскелік инспектор тарапынан тұрмыстық құқық бұзушылықтары үшін бірнеше мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны жазылды.

Back to top button