TOP-2Жаңалықтар

Қырғызстанға ұшып келген Қамшыбек Тәшиев бірден ІІМ-ге жеткізілді – БАҚ

19 наурызда шетелден Қырғызстанға ұшып келген қырғыз ҰҚМК бұрынғы басшысы Қамшыбек Ташиев ІІМ-нің бас тергеу басқармасына жауап алуға жеткізілді. Бұл туралы Kaktus.media ақпарат таратты.

Бұл оқиға таңертең сағат 10.00-де болғаны хабарланды. Қазір Тәшиев ІІМ-нің бас тергеу басқармасы ғимаратында деп жазады басылым.

10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жарлығымен Қамшыбек Тәшиев министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметінен босатылған еді. Ол кезде Тәшиев Германияда емделіп жатқан.

13 ақпанда Ташиев Қырғызстанға оралып, емін аяқтамай қайтуға мәжбүр болғанын айтты. Алайда төрт күннен кейін ол қайтадан елден кетіп қалды.

 

 

Back to top button