Жаңалықтар

Қуантыров министр қызметіне тағайындалды

Президент Жарлығымен Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған.

Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады.

  • 2005-2010 жж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
  • 2010-2013 жж. – ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары.
  • 2013 ж. – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2013-2019 жж. – ҚР Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.
  • 2019 жылғы сәуірден қазіргі уақытқа дейін – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
  • 2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
  • 2024 жылы KAZENERGY қауымдастығының бас директоры қызметін атқарып, кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Back to top button