Оқиға

Қостанайда үш қабатты әкімшілік ғимарат өртеніп, от екі көлікке тараған

Қостанайда үш қабатты әкімшілік ғимараттан өрт шығып, өрт ғимарат маңында тұрған екі жеңіл автокөлікті де шарпыған. Құтқарушылар ғимараттың екінші қабатынан әйел адамды алып шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ТЖД мәліметінше, өрт бүгін Қостанай қаласындағы Әл-Фараби даңғылының бойында орналасқан үш қабатты әкімшілік ғимараттың маңында басталған.

Оқиғаның мән-жайы

Алдын ала дерек бойынша, жалын кейін ғимараттың сыртқы қаптамасына өтіп, үшінші қабаттағы кабинет пен шатырға жеткен. Сонымен қатар өрт сол маңда тұрған екі жеңіл автокөлікті шарпыған.

Өртті сөндіру кезінде ТЖМ қызметкерлері ғимараттың екінші қабатында әйел адамның қалып қойғанын анықтаған.

«Өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері екінші қабатта болған әйелді құтқарды. Арнайы құтқару капюшонының көмегімен әйел ғимараттан шығарылып, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», – делінген ТЖД хабарламасында.

Ведомство әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ екенін мәлімдеді.

Back to top button