Жаңалықтар

ҚМДБ діни сұрақтарға жауап беретін операторды іске қосты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жедел ақпарат беру мақсатында ҚМДБ Call орталығының жаңа тегін 1511 қысқа нөмірін іске қосты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ҚМДБ ақпаратынша, бүгіннен бастап кез келген азамат 1511 нөміріне қоңырау шалып, діни мәселелер бойынша өзіне қажетті мәліметті тікелей білікті мамандардан ала алады.

Қазір 1511 қысқа нөмірі арқылы Kcell, Activ, Beeline және Қазақтелеком байланыс операторларының абоненттері тегін хабарласа алады, – делінген ақпаратта.

Ал Tele2 және Altel желілерін пайдаланатындар үшін +7 707 233 30 30 телефонына қоңырау шалып, ақпарат алуға болады.

Аталған бастама қоғамға ресми әрі сенімді ақпарат көзін ұсынуға бағытталған. Мүфтият алдағы уақытта да қоғаммен байланысты нығайтуға бағытталған қызметтерді жүйелі түрде дамыта бермек, – делінген ҚМДБ мәліметінде.

Back to top button