$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-2Жаңалықтар

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс ашу үшін шешуші тексеру басталды

АҚШ мамандары Қазақстан мен Америка арасында тікелей әуе рейстерін ашу үшін елдегі ұшу қауіпсіздігіне халықаралық бағалау жүргізуге кірісті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

АҚШ мамандары нені тексереді

Америкалық инспекторлар Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін бақылау жүйесін халықаралық талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бағалайды.

«Сарапшылар тобының құрамына халықаралық авиациялық құқық, авиация персоналын лицензиялау, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы және ұшуды пайдалану салаларының мамандары кіреді», – деп хабарлады Көлік министрлігі.

Air Astana да тексеріледі

24 қыркүйекте америкалық мамандар Air Astana әуе компаниясына техникалық сапармен барады. Компания бұған дейін коммерциялық қызмет жүргізуге АҚШ Көлік министрлігінің рұқсатын алу үшін өтінім берген.

Комиссия әуе тасымалдаушысының жұмыс процестерін тексереді. Инспекция аяқталған соң америкалық тарап брифинг өткізіп, тексеру нәтижесі бойынша жазбаша есеп береді.

Тексеруден сәтті өту Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашуға жол ашатын маңызды кезеңдердің бірі болады.

Back to top button