Қазақстандық әйел Ыстықкөлде жанжал шығарған: полиция тергеу бастады
Қырғызстандағы Ыстықкөл облысына қарасты Бостери ауылындағы жағажайда демалушы қазақстандық әйел мен пансионат аумағында жұмыс істейтін қыздар арасында жанжал шыққан, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Жасөспірімнің жағдайы қалай
Оқиға куәгерлері жанжал барысында Қазақстан азаматы 14 жастағы қыздардың біріне күш қолданғанын айтқан. Салдарынан жасөспірім мұрын сүйегінің сынып, миының шайқалды деген ақпараттар тарады.
Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілген. Қазір оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, – деп жазды пост авторы.
Жанжал себебі
Оқиға куәгерлері дау демалыс орны маңындағы қоқыстан басталғанын айтқан көрінеді. Қазақстаннан келген әйел қыздардан аумақты тазалауды талап еткен.
Жасөспірімдер оның өтінішін орындап, қоқысты жинағанымен, әйелдің ашуы басылмай, дауыс көтеруін қоймапты. Куәгерлер әлеуметтік желілерде жариялаған видеоларда жанжалдың қалай болғанын баяндаған. Алайда оқиғаның барлық мән-жайы ресми тексеру қорытындысынан кейін белгілі болады.
Тергеу басталды
Ыстықкөл облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі мәліметінге, аталған дерек бойынша материал тіркеліп, сотқа дейінгі тексеру басталды.
Қазір құқық қорғау органдары жанжалға қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беру үшін тексеру жүргізіп жатыр.