Жаңалықтар
Қазақстанда телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады
Қазақстан уақыты бойынша 03:00-ден 17:00-ге дейін хабар тарату уақытша қолжетімсіз болады.
Шектеулер жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты енгізіледі, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Хабар тарату қай уақытқа дейін тоқтайды
«Қазтелерадио» АҚ-ның мәліметінше, Қазақстан уақыты бойынша 03:00-ден 17:00-ге дейін хабар тарату уақытша қолжетімсіз болады.
Осы уақыт аралығында спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтық теледидар желілерінің, сондай-ақ радиохабар тарату желілерінің жұмысы тоқтатылады.
Неліктен хабар тарату уақытша тоқтатылады?
Компанияның түсіндіруінше, профилактикалық жұмыстар жабдықтардың тұрақты әрі сапалы жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
«Жұмыстар аяқталғаннан кейін телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы қалыпты режимде қайта қалпына келтіріледі», – деп хабарлады «Қазтелерадио» АҚ.