Жаңалықтар

Қазақстанда қар жаууы мүмкін

Синоптиктер ел аумағында алдағы үш тәулікте қар жаууы мүмкін деп болжайды, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Синоптиктер мәліметінше, жаңбыр жауады, солтүстік пен солтүстік-батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

«Батыста және оңтүстікте кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, ал солтүстікте жауын-шашын мол болады. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, батыста және оңтүстікте бұршақ пен дауыл (шквал) болуы мүмкін. Тек елдің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі», – делінген дүйсенбі күні ұсынылған 7-9 сәуірге арналған ауа райы болжамында.

Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы +3+15-ке дейін төмендейді деп күтілуде.

Back to top button