TOP-1Жаңалықтар
Қазақстан Еуроодақпен виза режимін жеңілдету келісімін жасауға жақындап қалды
Тараптар келісімге келуге жақындап қалған. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Биыл түпкілікті келісімге қол жеткіземіз деп үміттенеміз. Негізі, біз қазір мәреге жақындап қалдық. Кез келген келіссөз біреудің біреуді жеңуі емес, тараптардың өзара келісімге, консенсусқа келуін көздейді. Біз дәл осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», – деді Көшербаев мәжіліс кулуарында.
Еске салайық, Еуроодақтың Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөздер 2025 жылы 2 желтоқсанда Брюссельде ресми түрде басталған болатын.
Билік бұл келісім аясында қажет құжаттар тізімін қысқартып, виза алымының құнын төмендетуді көздеп отыр.