Қазақстан бокс федерациясының спорт директоры тағайындалды
Қазақстан бокс федерациясы бірқатар кадр өзгерісіне ұшырады. Мырза Болатұлы Еркінбек федерацияның спорт директоры қызметіне тағайындалса, Рауан Игенев халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президент атанды, деп хабарлайды Tizgin.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мырза Еркінбек қандай міндеттерді атқарады
Федерация мәліметінше, Мырза Еркінбек жаңа қызметінде ұлттық және жасөспірімдер құрамаларының оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру мен үйлестіруге жауап береді. Сондай-ақ халықаралық жарыстарға дайындық барысын қадағалап, жаттықтырушылар штабымен өзара жұмысты қамтамасыз етеді және федерацияның спорттық стратегиясын жүзеге асырады.
Бұған дейін ол Қазақстан бокс федерациясы бас хатшысының кеңесшісі қызметін атқарған. Енді федерацияның спорттық бағытына жетекшілік етеді.
Рауан Игенев халықаралық байланыстарға жауап береді
Сонымен қатар Рауан Игенев Қазақстан бокс федерациясының халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды.
Ол 2024 жылдың ақпан айынан бері федерацияның атқарушы директоры қызметін атқарып келген. Жаңа лауазымында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және шетелдік спорт ұйымдарымен байланысты нығайтуға жауапты болады.
Бұдан бөлек, Рауан Игенев 2027 жылы Астанада өтетін бокстан әлем чемпионатының ұйымдастыру штабына жетекшілік етеді. Осылайша, федерациядағы жаңа тағайындаулар ұлттық құрамалардың дайындығын үйлестіру және халықаралық спорттық байланыстарды дамыту бағыттарын қамтиды.