TOP-2Қоғам

Қазақстан билігі мобилизациядан қашқан Ресей жастарын еліне қайтаратыны рас па

Бұл сұрақты Tizgin.kz Қазақстанның Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ерлан Ашықбаевқа қойды.

Ашықбаев Қазақстанда пана іздеген шетел азаматтарына байланысты Қазақстан билігі халықаралық нормаларға сай жұмыс істейтінін айтады.

«Азаматтардың еліне қайтарылуы тиісті құқықтық процедуралардың сақталуын талап етеді. Сотқа жүгінсе, пана іздеуші мәртебесін алады. Содан кейін меморгандардың шешімі шығады. Онымен келіспесе, азаматтар сотқа жүгінеді. Содан кейін елдеріне қайтару-қайтармау мәселесі орындалады», – дейді ол.

Еске сала кетейік, жақында шетелдік бірнеше БАҚ (Dozhd, The Bell) Қазақстанның ҰҚК жалған уақытша тұруға арналған рұқсатқа қатысты ірі қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған еді. Бұл іс бойынша әскери шақыру жасындағы ондаған ресейлік азамат куәгер ретінде өтіп жатыр, оларға Ресейге депортация қаупі төнуі мүмкін. Журналистер соғысқа байланысты елден кеткен ресейлік эмигранттарға көмектесетін құқық қорғаушылардың мәліметіне сүйенген.

Құқық қорғаушылар мұны «Ресеймен келісілген тізімдер бойынша жаппай депортацияға дайындық» болуы мүмкін деп болжайды.

Back to top button