$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-2ЖаңалықтарТергеу

Қазақстан азаматтығын сатып алғанын айтқан шетелдікке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Полиция қызметкерлері оның кім екенін анықтады.

Қазақстан азаматтығын сатып алғаны туралы мәлімдеген шетелдікке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жалған мәлімдеме жасаған

Ведомствоның хабарлауынша, әлеуметтік желілерде ер адамның Қазақстан азаматтығын ақшаға алғанын айтып, елді жемқор мемлекет деп сипаттаған видеосы тараған. Полиция қызметкерлері оның кім екенін анықтады.

Қылмыстық іс қозғалды

Тексеру барысында оның Қазақстан азаматтығын сатып алғаны туралы айтқан ақпараты шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта шетелдік әріптестермен бірлесіп қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр», – деп жазылған ІІМ хабарламасында.

ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

Ішкі істер министрлігі азаматтарды тек мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сенуге және тексерілмеген немесе жалған мәліметтерді таратпауға шақырды.

 

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button