Спорт

Португалиядан ойсырай ұтылған Өзбекстан әлем чемпионатымен қоштасты

Фабио Каннаваро баптайтын көршілес ел футболшылары Португалиядан жеңіліп, Колумбия құрамасының Конгоны ұтқан соң мундиальды ерте аяқтайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

РОНАЛДУ ДУБЛЬ ЖАСАДЫ

Өзбекстан құрамасы топтық кезеңнің екінші матчында Португалиядан 5:0 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесудің 6-минутында Криштиану Роналду есеп ашып, Португалияны алға шығарды. 17-минутта Нуну Мендеш екінші гол салып, есепті еселеді. Ал 39-минутта Роналду тағы бір рет мергендік танытып, дубль авторы атанды.

Ойынның 29-минутында Өзбекстан қорғаушысы Азизжон Ғаниевтің голы VAR тексерісінен кейін есепке алынған жоқ. Төрешілер Аббосбек Файзуллаевтың Жоау Канселуға қарсы ереже бұзғанын анықтады.

Екінші таймда өзбекстандық қақпашы Абдувохид Нематов автогол авторы атанса, ойын нүктесін 87-минутта Рафаэл Леау қойды.

МӘН-ЖАЙЫ

Колумбиядан (1:3) жеңілгеннен кейін өзбекстандықтарға плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап қалу үшін ұпайқажет еді. Бірақ португалиялықтар кездесуді бақылауда ұстап, қарсылас қақпасына жауапсыз бес гол соқты.

Осылайша, Өзбекстан екі ойыннан кейін бірде-бір ұпай жинай алмады.

Ал бүгін таңертең Колумбия құрамасы Конго Демократиялық Республикасы коман 1:0 есебімен ұтып, Абдуқодир Хусанов бастаған жігіттердің чемпионтта қалу үмітін мүлде өшірді.

Back to top button