$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24
Жаңалықтар

Мысықтың құлағынан тістеп қинаған стримерге айыппұл салынды

Кеше әлеуметтік желіде қаралым мен сыйлық үшін мысықты қинап, қорқытып, азаптаған әкесі мен қызының видеосы тараған болатын. Полиция қызметкерлері стримерді ұстап, айыппұл салды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты

21 қыркүйекте TikTok стримде ер адамның мысықты қинаған видеосы тарады. Кадрдан азаматтың мысықты құлағынан тістеп тұрғанын көруге болады. Ол оқырмандар 1000 роза жіберсе ғана мысықты босататынын айтқан.

«Полиция ер адамды ұстады. Ол Жамбыл облысының 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған әкімшілік айыппұл салынды», – деп жазылған хабарламада.

Мысық тірі, аман-есен.

«Ақша үшін жануарды қинауды тоқтатыңдар»

Бұл видеоны көрген оқырмандар ашуланып, түрлі пікір жазған.

«Қазақстан заңнамасында жануарларға қатыгездікпен қарауға жауапкершілік қарастырылған. Видеоны сақтап қойыңдар: мұндай әрекетке тиісті органдардың назарын аудару керек. Жануарды ақша үшін қинауды дереу тоқтатыңдар! Тірі жанның азабын көрерменнің көңілін көтеру үшін пайдалануға болмайды», – деп жазды Әйгерім есімді оқырман.

 

 

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button