ЖаңалықтарСпорт

Министр Шайдоровтың айлығы жайлы шу үшін менеджерлер жазаланғанын мәлімдеді

Барлық спортшылар үшін келісімшартта бірдей ереже.

Туризм және спорт министрі  Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында тілшінің «Олимпиада чемпионы қалайша бірнеше ай жалақы алмаған және әлдекім сол үшін жауапкершілікке тартыла ма?» деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Михаил Шайдоровтың келісімшартына қатысты мәселе толық шешілді. Келісімшартқа қол қойылды. Келісімшарт стандартты екенін айтып өтуіміз керек. Бұл келісімшартқа олимпиадаға қатысушылар ғана емес, барлық спортшылар қол қояды. Бұл келісімшарт әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, допингке қарсы агенттіктің, жоғары аудиторлық палатаның ұсынысымен құралған. Тіпті бұқаралық ақпарат құралдарының қысымымен де оған басқаша келісімшарт жасап бере алмаймыз. Барлық спортшылар үшін келісімшартта бірдей ереже», – дейді министр.

Ол Михаилмен бірге келісімшартты зерттегенін, менеджерлер дұрыс түсіндірмегендіктен осындай жағдай болғанын айтты.

«Бүгін осы сұраққа нүкте қоюды ұсынамын. Спортшыларға жаңа маусымға дайындалу маңызды. Екі жақтағы орындаушы менеджерлер түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізбеген. Олар әкімшілік жазаға тартылды», – дейді ол.

Back to top button