Жаңалықтар
“Мигель Коуч” атымен белгілі блогер де қамауға алынды (Видео)
“Әр еркек бақыт болуға лайықты” деп әзілдеп жүретін блогер Мирас Беркинбаев 10 күнге қамалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Полиция мәліметінше, TikTok әлеуметтік желісінде ер адамның қоғамдық орында бейнежазба түсіру барысында балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды. Кейін ол аталған бейнежазбаны өзінің парақшасында жариялап, құқыққа қайшы әрекетін көпшілікке ашық түрде таратқан. Құқық бұзушы 32 жастағы Мирас Беркинбаев болып шықты. Ол 10 тәулікке қамауға алынған.
Посмотреть в Threads