$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52
Без рубрики

Көкшетауда жоғалған сегіз жастағы баланың денесі табылды

Көкшетауда жоғалған сегіз жастағы баланың денесі қаладағы ашық құдықтардың бірінен табылды. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Баланы полиция мен құтқарушылар іздеген

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 8 қазанда кезекші бөлімге Көкшетауда кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабар түскен. Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмылдырылған. Іздестіру барысында баланың денесі ашық құдықтан табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, зорлықпен өлтіру белгілері анықталмаған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Полиция баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тиісті тексеру жүргізіліп жатыр. «Тергеу мүддесіне және дербес деректерді қорғау талаптарына байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды» деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаменті.

Back to top button