
Оқиға 9 мамырда Шығыс Қазақстан облысы “Шығыстүстіметке” қарасты Артемьев шахтасында болған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Компаниянык алдын ала мәліметі бойынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң және желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап, алған жарақаттан мерт болған. Оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған. Тергеу жүріп жатыр.
Компания марқұмның отбасына барлық қажет көмек беруге уәде берген.
Тау-кен металлургиясымен айналысатын KAZ Minerals құрамына Павлодар облысындағы Бозшакөл және Абай облысындағы Ақтоғай ашық кен орындары, Шығыс Қазақстан облысындағы жер асты кеніштері (Артемьев, Орлов және Ертіс), сондай-ақ Қырғызстандағы Бозымшақ алтын-мыс кен орны кіреді.
Компанияның акционері – 65 жастағы миллиардер Владимир Ким. Биыл Forbes журналы оның байлығын 5,9 миллиард доллар деп бағалаған, былтырғымен салыстырғанда 200 миллион долларға өскен.