ЖаңалықтарОқиға
Каспий теңізі жағалауында биыл 34-ші жер сілкінісі тіркелді
Каспий теңізінде магнитудасы 3,5 болатын кезекті жер сілкінісі болды.
Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жерасты дүмпулері 17 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:53-те тіркелген, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Жер сілкінісінің магнитудасы 3,5 болған. Ошақ 18 шақырым тереңдікте орналасқан.
Гипоорталықтың координаттары: солтүстік ендіктің 38°35′24″ және шығыс бойлықтың 49°33′0″.
Жер сілкінісінің эпицентрі Ақтау қаласынан шамамен 577 шақырым қашықтықта орналасқан.
Бұл – жыл басынан бері Каспий теңізінде тіркелген 34-ші жер сілкінісі.