Жаңалықтар

Желтоқсаншыларға тіл тигізген мұғалім жұмысынан айырылды

Желтоқсан туралы жарияланым астындағы пікірлерде әйел қатысушыларды «ақымақ», «мәмбет», «ауылдан келгендер» деп атаған.

Алматы тұрғыны Threads желісінде желтоқсан оқиғасына қатысқандарға және жалпы Қазақстанға қатысты өрескел қорлайтын сөздер жариялап, салдарынан қызметінен айырылды, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Orda.kz-ға сілтеме жасап.

Желі қолданушысы депутат Жанбыршиннің жазбасының астына да оны қорлайтын сөздер жазған. Бұл жазбалар желіде тез тарап, қоғамда үлкен наразылық тудырды.

Бұған ыза болған қазақстандықтар жаппай мемлекеттік органдарға жүгініп, әйелдің сөздерін Қылмыстық кодекстің 174-бабы (ұлтаралық араздықты қоздыру) бойынша тексеруді талап етті.

Фото: kaz.orda.kz

Сонымен қатар, желі қолданушылары оның жұмыс істеген компаниясына да теріс пікірлер қалдыра бастады. Соның салдарынан ұйымның 2GIS-тегі рейтингі бір тәуліктің ішінде күрт төмендеп кеткен.

Нәтижесінде әйел жұмыстан шығарылды, ал полиция әзірге бұл жағдайға қатысты түсініктеме бере қойған жоқ.

Back to top button