$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЖаңалықтарОқиға

«Жалғыз өзі жүрген»: машинист 4 жастағы баланы құтқарып қалды

«ҚТЖ» компаниясының мәліметінше, кішкентай бала далада жалғыз өзі Айнабулак станциясына қарай жүріп бара жатқан. Оны Сарыөзек – Үштөбе бағытымен келе жатқан жүк пойызының машинисті кездейсоқ байқап қалған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Пойызды дереу тоқтатқан

Машинист баланы көрген бойда пойызды тежей бастаған. Құрамды тоқтатып, баланы пойыздың кабинасына алып кірген.

Баланы ата-анасына тапсырды

Айнабулак станциясына жеткен соң машинист баланы кезекшіге тапсырған. Станция кезекшісі баланың ата-анасымен байланысқан. Баланың теміржол маңындағы далада қалай және не себепті жалғыз қалғаны әзірге нақтыланбады.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button