«Иди на… не мешай» дейді: министр студенттердің бір мәселесін айтты
Мәжіліс отырысында студенттерге өндіріс орындары көп шектеу қоятыны айтылды.
Мәжілісте «Еңбек нарығының өзгеруін және жасанды интеллектіні енгізуді ескере отырып, жоғары білімі бар кадрларды даярлау» тақырыбында Үкімет сағаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Отырыста баяндама жасаған ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттерге өндіріс орындары көп шектеу қоятынын, себебі жауапкершіліктен қорқатынын айтты.
«Өндіріс орындарына барғанда шектеулер көп. Өндірушілер студенттерді қабылдауға, қабылдаса да толыққанды өндірістік процестерге жеткізуге қауіпсіздік жағынан қорқады. «Дай подай, иди нафиг – не мешай» деген орыстың бір жақсы сөзі бар ғой. Сол секілді (күліп) студенттерді толыққанды өндірістік процеске жеткізбейді, сондықтан енді әр ЖОО-да инженерлік форматта өздерінің өндірістік платформалары, кен орындарында (студенттерді тартуға) осындай жұмысты бастадық», – дейді Саясат Нұрбек.
Посмотреть эту публикацию в Instagram