Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк секторының 1 мамырдағы ахуалы жөнінде ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанның банк секторында екінші деңгейдегі 23 банк бар, оның ішінде 14 банк шетелдік қатысумен, оның ішінде 10 еншілес банк.
БАНКТЕРДІҢ АКТИВТЕРІ
Банк секторының активтері 2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша сәуір айында негізінен несие портфелінің 0,9%-ға 43,8 трлн теңгеге дейін ұлғаюы есебінен 1,1%-ға өсіп (2026 жылдың басынан бастап 0,8%-ға өсу), 71,3 трлн теңгені құрады.
Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 20,4 трлн теңгені немесе активтердің 28,5%-ын құрады. Бұл – банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Экономикаға екінші деңгейдегі банктер берген кредиттер портфелі 2026 жылғы сәуірде халыққа кредиттердің өсуі есебінен 0,8%-ға ұлғайып (2026 жылдың басынан бері 1,1%-ға өсу), 40,6 трлн теңгені құрады.
БАНКТЕР ҚАНША НЕСИЕ БЕРДІ
Ұлттық валютадағы кредиттер 0,7%-ға 36,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер 1,5%-ға 3,7 трлн теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде 2026 жылы 1 мамырда теңгемен кредиттердің үлес салмағы 90,8%-ды құрап, 0,1 п.т. төмендеді.
2026 жылғы сәуірде екінші деңгейдегі банктер барлығы 3,4 трлн теңгеге жаңа кредиттер берді, бұл 2025 жылғы сәуірмен салыстырғанда 0,6%-ға артық.
“Бизнес субъектілеріне кредиттер портфелі 2026 жылғы сәуірде негізінен ЖК қарыздарының 1,7%-ға 3,2 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен (2026 жылдың басынан бері 4,1%-ға өсу) 0,5%-ға 15,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 0,6%-ға төмендеу). 2026 жылғы сәуірде ШОБ қарыздары 0,2%-ға 7,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 8,8%-ға өсу). Өз кезегінде ірі бизнеске қарыздар портфелі 2026 жылғы сәуірде 0,1%-ға 4,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 14,8%-ға төмендеу)”, – делінген хабарламада.
Салалар бойынша 2026 жылғы сәуірде түрлі бағыттағы серпін байқалады. Өнеркәсіпте кредиттер 0,7%-ға 5 021 млрд теңгеге дейін, көлік саласында – 0,3%-ға 1 054 млрд теңгеге дейін, ауыл шаруашылығында – 4,7%-ға 499 млрд теңгеге, құрылыста – 2,2%-ға 829 млрд теңгеге, ақпарат пен байланыста – 2,6%-ға 213 млрд теңгеге дейін. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібіндегі кредиттер 3,8%-ға 3 128 млрд теңгеге дейін, саудада – 0,2%-ға 4 124 млрд теңгеге дейін, өзге де қызметтерде – 0,8%-ға дейін 2 735 млрд теңгеге дейін төмендеді.
2026 жылғы сәуірде бизнес субъектілеріне 1,9 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілген, бұл ШОБ субъектілеріне жаңа қарыздар беруді 39,5%-ға ұлғайту нәтижесінде 2025 жылғы сәуірмен салыстырғанда 6,4%-ға артық.
ХАЛЫҚҚА БЕРІЛГЕН НЕСИЕ
Халыққа берілген кредиттер портфелі 2026 жылғы сәуірде 0,9%- ға 25,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 2,1%-ға өсу), оның ішінде тұтынушылық қарыздар 0,8%-ға 17,0 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бері 2,0%-ға өсу), ипотекалық қарыздар – 1,9%-ға 7,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 3,7%-ға өсу).
2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банк секторы бойынша төлем мерзімі 90 күннен астам берешегі (NPL90+) бар қарыздар деңгейі несие портфелінің 4,1%-ын немесе 1,8 трлн теңгені құрады. Халыққа берілген кредиттер портфеліндегі мерзімі өткен берешегі бар қарыздар деңгейі 4,8%-ды немесе 1,2 трлн теңгені құрады. Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер портфелінде NPL90+ қарыздарының деңгейі 3,3%-ды немесе 594 млрд теңгені құрады.