TOP-2ЖаңалықтарПікір

«Гүлнәр – мықты журналист»: Балаева Бажкенованың ісі жөнінде пікір білдірді

Вице-премьер әрі Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет кулуарында Orda.kz порталының бұрынғы бас редакторы әрі тең құрылтайшысы Гүлнар Бажкенованың ісі жөнінде пікір білдірді, деп жазады Время басылымы.

“Мен де сіздер сияқты сот процесін алаңдап, күтіп жүрмін. Шынымды айтсам, ақпараттық кеңістікте Гүлнар жетіспейді, – дейді Аида Балаева

Оның пікірінше, Бажкенова – мықты журналист. Министр оны өз ісінің кәсіби маманы деп атады.

“Ол шынында да, өте қызықты сараптамалық материалдар мен мазмұнды эфирлер жасай біледі. Ең бастысы, атап өткім келетіні – ол эфиріне өзіне тек хайп пен жағымсыз пікірлер арқылы назар аудартатын, билікті орынсыз сынайтын адамдарды ешқашан шақырмайды”, – деді министр.

Сонымен қатар, Аида Балаева құқықтық мемлекетте түпкілікті шешімді тек сот қабылдауы тиіс екенін атап өтті.

“Әрине, мен қатты алаңдап жүрмін әрі барлық журналистермен бірге сот процесін жіті бақылап отырамын. Бірақ сонымен бірге бір нәрсені айтқым келеді – біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Кімге қалай қарасақ та, заң бәріне бірдей, – деді ол.

Еске сала кетейік, Гүлнар Бажкенованың үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалғаны 2025 жылдың желтоқсан айында белгілі болды. Сол кезде сот журналисті үйқамаққа алған болатын. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол “көрінеу жалған ақпарат таратқан, аса ірі көлемде табыс табу мақсатында заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан және бөтеннің мүлкін жымқырған”. Ал Бажкенова бұл айыптармен келіспейді.

Аталған іс бойынша сот процесі 2 шілдеге белгіленген.

Back to top button