TOP-2Спорт

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде енгізілді

Ол бұл мәртебеге ие болған Қазақстанның алғашқы өкілі атанды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында Халықаралық бокс даңқы залына (IBHOF) қабылдаудың салтанатты рәсімі өтті.

«Бұл шешім оның спорттағы ерен еңбегі мен жетістіктерін мойындап, аңызға айналған спортшы әрі өз дәуірінің үздік боксшыларының бірі ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте айқындады. Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына алғашқы ұсынылуының өзінде-ақ қабылданды. Бұл – кәсіби бокс әлеміндегі ең жоғары құрметтердің бірі. Енді оның есімі Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо сынды әлемдік бокс аңыздарымен бір қатарда тұр», – деп атап өтті Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті.

Back to top button