$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48
Жаңалықтар

FlyArystan Құлжаға тікелей рейстерді іске қосады

FlyArystan әуе компаниясы 26 қазаннан бастап Астанадан Қытайдың Инин (Құлжа) қаласына тікелей рейстерді іске қосады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Рейстер кестесі

Астанадан ұшақ таңғы сағат 07:55-те ұшып, Ининге жергілікті уақыт бойынша 13:20-да жетеді. Кері рейс Ининнен 15:20-да ұшып, Астанаға 14:50-де қонады.

FlyArystan компаниясының президенті әрі бас атқарушы директоры Йохан Эйдхаген жаңа бағыт іскерлік және туристік сапарларға, сондай-ақ туған-туыстарға барып-қайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Инин қаласы туралы не білеміз

Инин қаласы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында орын тепкен. Ол Іле Қазақ автономиялық облысының әкімшілік орталығы саналады.

Қалада қазақ қауымдастығы көп шоғырланған. Оның тарихы мен мәдениеті Қазақстанмен тығыз байланысты.

Back to top button