Жаңалықтар

Еліміздегі дәріханалар мен клиникалар чектерінде ЖСН көрсету міндеттелмек

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бұл шараның не үшін қажет екенін түсіндірді.

Қаржы министрлігі дәріханалар мен клиникалар беретін чектерде қазақстандықтардың жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсету туралы бастама ұсынды, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы orda_kz ақпараттық-талдау арнасына сілтеме жасап.

«ЖСН көрсету бастамасы – мақсатты қаражатты бақылауға бағытталған. Белгілі бір санаттағы азаматтарға дәрі-дәрмек сатып алу үшін қаражат бөлінген кезде, сол қаражаттың нақты сол адамдар тарапынан нақты препараттарға жұмсалғанын тексеру қажет. Осы мақсатта мұндай тетік қарастырылып жатыр», – деді ол Мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, бақылау тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында бөлінетін қаражатқа жүргізіледі. Әйтпесе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қаражатының жұмсалуын бақылау мүмкін болмайды.

Еске сала кетейік, соңғы уақытта МӘМС жүйесіндегі даулардан кейін үкімет қор жұмысының жаңа моделін таныстырған болатын.

Back to top button