Бүлдіршін небәрі 1 жас 2 айлық, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
31 мамыр күні сағат 14:00-де «103» қызметіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына төрт минут ішінде жеткен. Зардап шеккен сәби Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.
Кішкентай науқас бас, кеуде қуысы және аяқ-қол жарақаттарымен сипатталатын ауыр жарақаттар кешені (полижарақат) диагнозымен шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды.
Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Ол жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр.