TOP-2Экономика

Екі облыс биыл су аздығынан егіс ауқымын шектеуге мәжбүр болады

Су ресурстары және ирригациялар министрі Нұржан Нұржігітов су қоймалары жеткілікті деңгейге суға толмағандықтан, оңтүстік өңірлерде егіс алқаптары ауқымын шектеуге тура келетінін мәлім етті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Министрдің сөзінше, дәл қазір оңтүстік өңірлердегі су қоймаларында 23,4 млрд текше метр су жиналған. Бұл – былтырғы көрсеткіштен 759 млн текше метрге аз. 2025 жылдың 1 желтоқсанында аталған су қоймаларында 17,7 млрд текше метр су жиналған болатын, бұл 2024 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 2,3 млрд. текше метрге аз дейді ол.

“Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде екі айда су жинау динамикасы арттып, қосымша көлемінде 1,5 млрд текше метр өсімге жеттік. Ерекше алаңдататыны – негізінен ішкі су көздері есебінен толатын су қоймаларының толу деңгейі. Атап айтқанда, Түркістан облысындағы Бөген су қоймасында 278 млн текше метр су жиналған (жобалық көлемі – 370 млн.м3), бұл өткен жылғы көрсеткіштен 46 млн. текше метрге аз. Сондай-ақ Бадам су қоймасының толуы 32 млн. текше метрді құрайды, бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18 млн. текше метрге кем”, – дейді ол.

Нұржігітовтың сөзінше, осыған ұқсас жағдай Жамбыл облысындағы Теріс-Ащыбұлақ,, Қарақоңыз, Қақпатас, Жартас және Бүркітті су қоймаларында да қалыптасып отыр.

“Осыған байланысты, былтыр аталған облыстарда вегетациялық кезең  күрделі жағдайда өткенін ескере отырып, екі облыстың әкімдіктеріне ылғалды көп қажет ететін ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын шектеу бойынша шаралар қабылдау қажет”, – деп түйді Нұржігітов.

Back to top button