eGov.GPT жылдың үздік GovTech жобасы атағын иеленді

Қазақстандық eGov.GPT жобасы AI & Digital Bridge Awards 2026 сыйлығының «Жылдың үздік GovTech жобасы» номинациясында жеңіске жетті. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ әзірлеген сервис жасанды интеллект көмегімен мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат іздеуді және оларға қол жеткізуді жеңілдетеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Марапаттау рәсімі Астанада өткен AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы аясында ұйымдастырылды. Сыйлық жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытуға үлес қосқан жобаларға, компаниялар мен ұжымдарға беріледі.
eGov.GPT қандай мүмкіндік береді
Сервисте пайдаланушы өз сұрағын еркін түрде жазып, мемлекеттік қызметтер туралы қажетті ақпарат ала алады. Бұл тиісті қызметті табуды жеңілдетіп, электронды үкімет жүйесін пайдалануды ыңғайлы етеді.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Шыңғыс Оразалимовтың айтуынша, команда соңғы бір жылда жобаны дамытуға белсенді кіріскен. Өнімді жетілдіру барысында пайдаланушылардың ұсыныстары мен пікірлері ескерілген.
«Бұл марапат, ең алдымен, өнімді жасап, дамытқан, пайдаланушылардың пікірін ескеріп, қажетті өзгерістерді қысқа мерзімде қолданысқа енгізген бүкіл команданың еңбегін мойындау деп білеміз. Осы жұмыстың нәтижесі жоғары бағаланғанына қуаныштымыз», — деді Оразалимов.
Жеңімпаздар қалай анықталды
Сыйлыққа үміткерлерді іріктеу екі кезеңнен өтті. Алғашқы кезеңде жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы әр номинация бойынша бес үміткерден тұратын қысқа тізім жасалды. Екінші кезеңде қазылар алқасы онлайн дауыс беріп, жеңімпаздарды анықтады.
Биыл марапаттар жеті номинация бойынша табысталды. Олар мемлекеттік және білім беру технологиялары, стартаптар, компанияларда жасанды интеллектіні енгізу, халықаралық жетістіктер, венчурлық инвестициялар және креативті индустрия салаларын қамтыды.
AI & Digital Bridge 2026 форумы 1–3 қазан күндері Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтті. AI MONTH аясындағы негізгі халықаралық іс-шара Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы