$ 453.93 € 508.72 ₽ 5.35
ЕрекшеЖаңалықтар

«Димаш әлемді осылайша біріктіреді»: Вьетнамдық студент қазақ тілін үйреніп жүр

Әлеуметтік желіде Димаштың себеп болуыман қазақ тілін үйреніп жүрген вьетнамдық студенттің видеосы тарады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«АҚШ-та оқып жүргенімде Димаштың арқасында қазақ тілін үйреніп жүрген, тіпті домбыра бейнеленген брелок тағып жүрген вьетнамдық студентпен таныстым! Міне, Димаш осылайша әлемді біріктіреді!», – деп жазылған видео сипаттамасында.

Видеода қазақстандық бойжеткен өзінің тобында оқитын студентпен таныстырды.

«Бұл – Вьетнамнан келген студент. Қазақ тілін үйреніп жүр, себебі Димашты жақсы көреді», – деді ол.

Вьетнамдық студент әнші Димаш Құдайбергеннің «Өмір» атты әнінің сөзің оқып беріп, домбыра пішінді брелогын көрсетті.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button