Депутат Базарбек 900 мың теңге жалақы өмір сүруіне жетпейтінін айтты
Мәжіліс депутаты Бакытжан Базарбек 900 мың теңге көлеміндегі айлығы отбасындағы шығындарды жабуға жетпейтінін айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“ӘЙЕЛІМНЕН ДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУІН СҰРАДЫМ”
Ол бес-алты баласы бар кей әріптесін мысал етіп, үйінде не нәрсеге көп шығындалатынын тізбелеп берді.
“Баланы балабақшаға немесе секцияларға беру, киіндіріп, аяқ киімін алып беруге 300 мың теңге кетеді. Ал азық-түлік қымбаттап жатқанын ескерсек, 1 миллион теңге де жетпеуі мүмкін. Мен шамамен 900 мың теңгеден аса аламын. Алайда бұл маған өзіме жетпейді. Сол себепті әйелімнен де жұмыс істеуін сұрадым”, – деді ол үкімет кулуарында.
Жалақыны қайта қарап, өсімге қойылған мораторийді алып тастау мүмкіндігі туралы сауалға жауап берген депутат осы секілді шешімдерді өзі қабылдамайтынын айтты. Ол әралуан өзгеріс болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.