TOP-2Тергеу

БҚО-да оқушыны зорлады деп күдікке ілінген шенеунік қайта тергеуге алынды

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында 58 жастағы бұрынғы әкімдік қызметкеріне қатысты іс қайта жанданды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ер адамды 16 жастағы қыздың әкесі әлеуметтік желіде зорлады деп айыптаған, алайда бұған дейін қыз бен оның анасы тағылған айыптарды жоққа шығарған болатын. Бұл туралы журналистерге ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов мәлімдеді.

«Бүгін прокуратурамен бірлесіп, істі тоқтату туралы процессуалдық шешімнің күшін жойдық. Жәбірленуші тараптың уәждері процессуалдық тергеу барысында тексеріледі», – деді Әділов.

Сондай-ақ тергеу қорытындысы бойынша істі жапқан полиция қызметкерлерінің әрекетіне де баға берілуі мүмкін.

Еске салайық, Ақсайда жасөспірім қыздың арызы 2 қаңтарда түскен. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғағанымен, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі “расталмаған”, тек қыз бен 58 жастағы шенеуніктің әлеуметтік желідегі хат алмасуы анықталған. Айыптаулар алынғанына қарамастан, шенеунік әкімдіктегі қызметінен өз еркімен кеткен.

Back to top button