Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды

ІІМ заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамзаны ұстады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Қазақстан Ішкі істер министрлігі Интерпол арналары арқылы Вьетнам құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл нәтижесінде Камрань қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен халықаралық іздеуде болған блогер Қайсар Қамзаны ұстады.
Тергеу мәліметінше, ол азамат әлеуметтік желілерде онлайн-казинолардың жарнамалық бейнематериалдарын жүйелі түрде жариялап, пайдаланушыларды құмар ойындарға тартқан.
Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде күдікті 100 млн теңгеден астам көлемде заңсыз табыс тапқан. Ақша оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған.
Қазір оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.