БілімЖаңалықтар

Биыл елімізде 215 мың оқушы мектептен түлеп ұшады

Қазақстан мектептерінде 2025–2026 оқу жылы қорытындылануда.

Еліміздің барлық мектептерінде 2025–2026 оқу жылы аяқталуға жақын. Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оқу жылын аяқтайтын 3,9 миллионнан астам оқушының ішінде 215 мыңнан астамы – 11-сынып түлектері.

«Оқу жылының қорытындысы бойынша 9-сыныпты үздік аяқтауға үміткерлер саны 31 мыңнан астам оқушыны құрайды. Ал 11-сыныпты үздік аяқтауға 18 мың оқушы үміткер. Бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 420 мыңнан астам педагог еңбек етуде», – деп хабарлады Орталық коммуникациялар баспасөз қызметі.

Back to top button