$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Оқиға

Астанада 46 жастағы ер адам көпірден суға секіріп кетті (Видео)

Астанада 46 жастағы ер адам «Тұлпар» көпірінен суға секірген. Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.

Не болған

Полиция мәліметінше, «102» арнасына «Тұлпар» көпірінен ер адамның суға секіргені туралы хабарлама түскен. Суға түскеннен кейін 46 жастағы ер адам өздігінен жағаға шыққан. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдаған.

Кейін ер адам мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылды.

Полиция ескертуі

Елордалық полиция көпірден суға секіру қауіпсіз ойын-сауық емес екенін ескертті.

Ведомствоның мәліметінше, судың тереңдігі мен ағысы, су астындағы кедергілер және басқа да жағдайлар адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Полиция мұндай әрекет сырттай қауіпсіз аяқталғандай көрінгенімен, ауыр зардаптарға соқтыруы ықтимал екенін атап өтті.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button