$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24
Жаңалықтар

Астана Дженнифер Лопес, Энрике Иглесиас және Backstreet Boys концерттерінен қанша табыс тапты

Астанаға келген Дженнифер Лопес, Энрике Иглесиас және Backstreet Boys концерттерінің қала экономикасына әсері туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Талғат Рахманберді мәслихаттың кезектен тыс сессиясында айтып берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Концерттер қашан өтті

Америкалық әнші Дженнифер Лопестің концерті 2025 жылғы 1 тамызда «Астана Арена» стадионында өтті. Backstreet Boys 21 қыркүйекте, ал Энрике Иглесиас 3 қыркүйекте елордада өнер көрсетті.

Концерттер елордаға 19 млрд теңге кіріс әкелген

Талғат Рахманбердидің айтуынша, «А» санатындағы концерттерді өткізу елордада оқиғалы туризмді дамытуға бағытталған.

«Тек төрт концерт – Alem Fest, Дженнифер Лопес, Backstreet Boys және Энрике Иглесиас – қаламызға шамамен 19 млрд теңге, яғни 40 млн доллардан астам жиынтық табыс әкелді. Бұл – салық түсімдері, кәсіпкерлеріміздің, қонақүйлер мен мейрамханалардың кірістері», – деді Талғат Рахманберді.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button