ЖаңалықтарОқиға

Ақтауда катер жартасқа соғылды: екі адам қаза тапты

Катердің бортында жеті адам болған.

Ақтауда серуендеуге арналған катердің жартасқа соғылуы салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам құтқарылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оқиға 30 тамыз күні сағат 22:56-да Ақтау қаласының 5А шағынауданында болған.

Құтқару операциясы жүргізілді

Құтқару операциясы барысында өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) қызметкерлері бес адамды анықтап, оларды медицина қызметкерлеріне тапсырды.

Ал қалған екі адамның денесі жағадан 500 метр қашықтықтан табылды.

Өңірдің ТЖД мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Back to top button