TOP-2Без рубрики

АҚШ-та табылған мәйіт Қазақстан азаматы болуы мүмкін – СІМ

Әзірге табылған мәйіттің Асет Құралбайға тиесілі екені ресми түрде расталған жоқ.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Иллинойс штатында табылған мәйіттің Қазақстан азаматы болуы ықтимал екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Иллинойс штатында 24 жастағы қазақстандық Әсет Құралбайдың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Ол маусым айының басынан бері жақындарымен байланысқа шықпаған. 7 маусымда телефоны өшіп, 10 маусымда полиция оның Toyota Camry көлігін тапқан.

СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, АҚШ-тың құзырлы органдары Қазақстан тарапына азамат болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны жөнінде хабарлаған.

«Дипломаттарымыз АҚШ-тың құзырлы органдарымен және марқұмның туыстарымен байланыста. Қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде. Қосымша ақпарат америкалық тараптың ресми деректері алынғаннан кейін беріледі», – деді Жетібаев.

Әзірге табылған мәйіттің Асет Құралбайға тиесілі екені ресми түрде расталған жоқ. Бұл ақпаратты АҚШ тарапы жүргізіп жатқан сәйкестендіру жұмыстарының нәтижесі анықтайды.

 

Back to top button