Алматыдағы үш кісінің өлімі: апатқа кінәлі ZEEKR жүргізушісі изоляторға қамалды
Алматыда жол үстіне үш кісінің өліміне себеп болған ZEEKR автокөлігінің жүргізушісі – күдікті тергеу изоляторына этаппен жеткізілді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“Бұған дейін күдікті медициналық мекемеде күзетпен болған және сот санкциясымен қамауға алынған. Ол қылмыстық іс аясында одан әрі қамауда ұстау үшін тергеу изоляторына этаппен жеткізілді”, – деп хабарлайды полиция.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда үш адамның өмірін қиған ауыр жол апаты болған еді. Тараған мәліметтерге сәйкес, оқиға алдында көше жарысы болған, оған кей деректер бойынша кәсіпкер қатысқан. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Резонанстан кейін, 26 наурызда полиция түнгі жарыстарға қарсы күресті күшейтетінін мәлімдеді. Сол күні мәжіліс депутаты Мұрат Абенов Алматыдағы өлімге әкелген жарысқа жоғары лауазымды полиция қызметкерінің қатысы болуы мүмкін екенін айтып, күдігін бейнежазбамен бірге жариялап отыр.
Осы оқиғадан кейін Алматы полициясы басшылығындағы бірнеше қызметкер лауазымын босатты.