Алматыда өткен ең қымбат тендерді Forbes тізіміндегі кәсіпкер ұтты
Жуықта 67,4 млрд теңгенің конкурсы шығарылып, Forbes Kazakhstan тізіміндегі мекеме иесі жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Tizgin.kz Protenge-ге сілтеме жасап.
БҰЛ ҚАНДАЙ ЖОБА
Мұнда Алатау ауданындағы Момышұлы, Мөнке би, Оңғарсынова көшелері мен Рысқұлов даңғылын аумағында жол инфрақұрылымын дамыту жобасы айтылған болуы мүмкін. Аталған жоба «Батыс қақпалары» деп те аталады. «Батыс» деп аталатын полицентрдің дамуымен қабысып жатуы кәдік. Көшелердің жобалық конфигурациясы жоқ дегенде INK Architects әзірлеген бір жобаға сәйкес келеді (көрсетілген визуализациядан көруге болады).
Наурыздың бас кезінде бұл мемлекеттік сатып алу арқылы өткен ең ірі тендер болды. Деректер базасында келісімшарт әлі жарияланбағанымен, жуықта ол да анықтала жатар.
ТЕНДЕР КІМГЕ БҰЙЫРДЫ
Бұған тек бір компания қатысты – «Қазақдорстрой» ЖШС, жеңімпаз да сол. Нәтиже хаттамасына сәйкес, бенефициар иесі ретінде Айдын Рахымбаев көрсетілген. Тексеру барысында, оның есімімен байланысы бар компаниялар көрсетіліп тұрғаны расталды.
Айдын Рахымбаев – Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің бірі. Global Forbes бағалауынша, оның байлығы шамамен 1,1 млрд доллар.